«Үш Қиян» Республикалық ұлттық тәуелсіз апталық газет - www.ushkiyan.kz


«Үш қиянның» үздіксіз жұмысына 10 жыл!

толығымен »

Саясат тақтасындағы мемлекеттік тіл жүрісінен неге жаңыла береді?

«Протокол қызметi туралы Ереже» жөнiнде не бiлемiз?

Саясат тақтасындағы мемлекеттік тіл жүрісінен неге жаңыла береді?

Саясат тақтасындағы мемлекеттік тіл жүрісінен неге жаңыла береді?

«Демократиялық жаңаруларды жүзеге асырғалы жатқан екенсiздер. Жөн. Бiрақ ұлттық даралықтан айрылып қалмаңыздаршы!».
Малайзия парламентiнiң өкiлдер палатасынын төрағасы Нга Талиб мырзаның анабiр жылы Қазақстанға жасаған ресми сапарында сол тұстағы Сенат төрағасы Нұртай Әбiқаевпен болған кездесуiнде айтқан осы сөзiнiң астарында не жатыр? толығымен »

Теңіздердің тамыры

журналистік сапар

«Каспий-Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары» ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысы

Үлкенқұдық қай дәуірден қалған мұра?

Үлкенқұдық қай дәуірден қалған мұра?

26-28 тамыз аралығында Маңғыстау облысында ІІ Халықаралық «Каспий-Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл шара алғаш рет осыдан үш жыл бұрын өткен болатын.
Конференцияға Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Иран, Америка Құрама Штаттары елдерінің көрнекті ғалымдары, мемлекеттік деңгейдегі лауазымды қызметкерлері қатысты. Олардың қатарында Ресей ғылым академиясының тарих институтының қызметкері, Азия және Еуропа елдеріндегі ноғайлы тарихын зерттеп жүрген профессор В.В.Трепавлов, А.В.Пачкалов, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің аға ғылыми қызметкері, Мәскеудегі этнология және антропология институтының доценті Е.В.Веселовская, Ресей археология институтының бөлім меңгерушісі, профессор И.Л.Кызласов, Маңғыстау мәдени мұраларын зерттеуші белгілі ғалым Л.Л.Галкин, Астрахань қаласының мемлекеттік тарихи-архитектуралық мұражай-қорығынан А.Мақабаева, Индиана штатынан көрнекті зерттеуші-ғалым Девин Ди Уис бар. толығымен »

«Орталық Азиядағы исламды зерттеу қатты қызықтырды»

сырткөз

Девин Ди Уис, АҚШ-тағы Ішкі Еуразияны зерттеу институтының директоры, Индиана университетінің профессоры, исламтанушы:

Девин Ди Уис, АҚШ-тағы Ішкі Еуразияны зерттеу институтының директоры, Индиана университетінің профессоры, исламтанушы:

Маңғыстаудағы ІІ Халықаралық «Каспий-Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары» ғылыми-практикалық конференциясы аясында 27-тамыз күні Шопан-ата, Бекет-ата әулиелердің басына алыс-жақыннан қонақтар зияраттаған болатын. Соның арасында АҚШ-тан келген профессор, исламтанушы Девин Ди Уис те бар. Маған Пір Бекет әулиенің жер асты мешітіне қарай төменге түсер жолда онымен жолығудың сәті түсті. Профессор Девинді «Баба түкті шашты әзіз», «Алтын Орданың исламға бет бұруы» сынды бірақатар монографиялардың авторы ретінде, Орталық Азиядағы ислам тарихын зерттеумен айналысатын ғалым ретінде естіп-біліп жүретінбіз. Исламтанушымен жүзбе-жүз кездесіп, Қазақстандағы діни ахуалға қатысты аз-кем сұхбаттасқан едік. Әулиенің басына жеткенде ғалым әңгімесін тәмамдап, Атаға зиярат қылды. толығымен »

«Қазақ елі – иісі түріктің асыл негізі»

Сыр-сұхбат

Асылы Османова, филология ғылымдарының кандидаты, «Мемлекеттік тілге – құрмет» бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

Асылы Османова, филология ғылымдарының кандидаты, «Мемлекеттік тілге – құрмет» бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

– Асылы апа, жан-жүрегіңіз қазақ деп елжіреп жүреді ғой. Менің өзіңізбен бір сырласқым келіп тұр.
– Иә, айналайын, айта ғой. Қызметіңе жарайын.
– Өзіңіз білесіз, мына жаһандыру дәуірінде ұрпақ тәрбиесіне мән беру өте өзекті. Осы орайда мектептегі, үйдегі бала тәрбиесінде неге маңыз беру керек, нені ескеру керек?
– Мен ұстаз ретінде, Қазақстан қоғамының азаматы ретінде айтарым, баланы алдыменен анасы ұлттық рухта тәрбиелесе деймін. Әйтеуір, бала тәрбиесінен хабарымыз бар ғой. Балаға өзінің ұлттық намысының не екендігін таныта білуміз керек. Адам өзін-өзі тануы керек. толығымен »