Мемлекет діннен бөлек пе?
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің назарына!
Алаң жұрт…
Бірнеше террорлық әрекет байқалған Қазақстан аумағында діни экстремизм тақырыбын талқылаудың жаңа сипат алғаны оны барынша ауқымды қарастыруды қажет етеді. Елдегі діни ахуалды 90-шы, тіпті 2000 жылдардағы жағдаймен салыстыруға келмейді. Өйткені 15 жылдан астам уақыт ішінде уаххабилік доктринаны қазақ қоғамына ендірушілер айтарлықтай тәжірибе жинады. Сондықтан жекелей аймақтардағы діни [...]
Мемлекеттік мүдде
«Бiзге бұрын ешқайда, ешқашан болмаған нәрсенi армандауға қабiлеттi адамдар керек!»
Джон Кеннеди
Қазiргi өзгермелi дүние уақыттан қалып қоймауды, өзгерiстердi үнемi қадағалап, зерттеп отыруды және алдағы уақытқа болжам жасай бiлудi талап етiп отыр. Әлемде болып жатқан iшкi саясаттағы өзгерiстер бiздiң бiр сәтке де кiдiруiмiзге, осалдық танытуымызға жол бермейді. Сондықтан, елiмiздiң өркендеуi мен даму жолындағы атқарушы билiктiң жұмысын [...]
тұлға
Мұстафа Шоқай – Түркiстан халықтары тарихында бүтiн бiр кезеңдi қамтыған ерекше ұлы құбылыс. Бүкiл өмiрiн ұлт мұратына арнап, «Алашым» деп өткен мемлекетшiл қайраткердiң туғанына 120 жыл толып отыр. Кезiнде жеке басына қауiп-қатер төнсе де, өзi өмiр сүрiп, күрескерлiкпен айналысуға еркiндiк берген Францияны тастап кетпеген ұлт қайраткерiне жақында француздар үлкен құрмет көрсеттi.
Аталмыш шараның Қазақстанның Еуропадағы қауiпсiздiк [...]
Бауыржан Момышұлы – 100 жыл
(Жалғасы басы өткен сандарда)
Баукең әскери ұстазы генерал Панфилов туралы кітап жазбақ болып, Мәскеуге сапар шекті. Бірақ жолда суық тиіп ауырып қалып, Мәскеуге жетісімен ауруханаға түсіп қалды. Телефон соғып дұрысталғанын хабарлады да, маған бірнеше тапсырма берді. Мәскеуден Баукең үйге көңілді оралды. Орталық әскери архивтен мол дерек көздерін тауып, Панфилов туралы, ара-тұра өзі [...]
ер – ел есінде
Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай жер-жерде «ауғандық» жауынгерлерді ұлықтау шараларының өткені күні ғана еді. Орал қаласында өткен осындай жиында Ұлы Отан соғысының ардагері Қадыр Ғайсин екі мәрте батыр атанған ұшқыш жерлесіміз Қайырболат Майдановқа Орал қаласынан көше атауын беру жөнінде ұсыныс айтты. Өкініштісі, Майданов туралы тіпті оның туған жерінде де білетін адамдар [...]
Жер үшін алысқан, ел үшін шабысқан заманда ұрысқа қазақтың туын Байғозы батыр көтеріп шығыпты. Кескілескен шайқаста денесін жебе жаралағанын елеместен, батыр ақ туды қисайтпай ұстаған екен. Ұрыстан соң ғана әскер баһадүрдің сол қалпында о дүниеге аттанып кеткенін байқайды.
ЕҚЫҰ-Қазақстан-2010
Шартарап
Тәуелсiздiктiң туын желбiретiп дербес мемлекетке айналған Қазақстан бүгiнгi таңда әлемдiк қауымдастықпен саяси және экономикалық жағынан толық ықпалдастық орнатты. Сыртқы саясаттағы ендiгi басты мақсат – елдiң ұлттық мүддеciн қорғау. Оның аясында әлемдiк алып державалармен және халықаралық ұйымдармен байланыстарымызды нығайту, ұлттық қауiпсiздiгiмiздi қамтамасыз етiп, елдегi реформаларды жалғастыру талап етiледi. Қазақстан өзiнiң геосаяси жағдайы мен экономикалық әлеуетiне орай [...]
шатақ діндей қақпан жоқ
Қазақстанда діни экстремизм қаупіне байланысты қоғамдық пікір бұған дейін екіұдай болып келді. Бұны, әрине, қоғамдық көпшіліктің талқысына салу бір жағынан, дұрыс емес те болып көрінуі мүмкін. Өйткені сырттан келген жылтырғанның бәрінің ақ-қарасын айырып беретін қауқар халықты былай қойғанда сол саланың кәнігі мамандарында да жетіспейді. Жалпы бұл тақырып жан-жақты ракурстан қарауды қажет [...]
шен-шекпенсіз шешілу
Самиғолла ОРАЗОВ, Орал қаласының әкімі:
– Самиғолла Хамзаұлы, Қазақстанның барлықәкімі секілді, Сіз де жақында халық алдында есеп бердіңіз. Шыныңызды айтыңызшы, қобалжып, толқыдыңыз ба?
– Халық алдында есеп беру, әрине, оңай іс емес. Несін жасырайын, қобалжу да, толқу да болды. Бірақ осы кездесулер бізге көп көмектесіп отыр. Өйткені, біз, жұмыс жоспарын ең алдымен, халықтың өтінішін, олардың арыз-шағымдары [...]
немесе ФИФА-ны қайта құру қажет пе?
ала доп
Футболды ерекше сүйетiн миллиондаған жанкүйерлерге бiр өкiнiш, бiр үмiт сыйлайтын кез келген доп додасының ыстығы әлi басылған емес. Күні кеше ғана өткен Еуропа, Африка бiрiншiлiгiнiң ащы сабақтары мен дүдәмал түйткiлдерi қорытындыланып, оның әрбiр штрихтары тасқа баcылып, тарих еншiсiне тапсырылды. Ендi үстіміздегі жылы өтетін дүбiрлi доп додасын жасыл алаңға қайта [...]