2009 қазан


Мәнсіз мәжіліс

(Үгіт-насихат тобының Маңғыстаудағы күндерінен не түйдік?)

Жауапсыз қалған жалғыз сұрақ…
Қазақстанның діни ахуалы қазір отандық БАҚ-тың ғана емес, шетелдік басылымдардың да назарын аударып отыр. 2006 жылы 27-қыркүйекте “The Washington Post” газетінде С.Фредерик Стар «Саясатта Қазақстанмен ойнамаңыз» деген мақаласында былай деп жазған болатын: «Несколько лет назад в страну уже проникала группировка, связанная с ‘Аль-Каидой’, однако пока что Казахстан [...]

Дін істері жөніндегі жаңа агенттіктен не күтеміз?

Еліміздегі діни ахуал жыл өткен сайын күрделеніп, ушығып бара жатыр. Содан болар дін мәселесі қазіргі қоғамның ең көп талқылайтын өзекті тақырыбына айналды. Әйтсе де, толғауы тоқсан түйіннің күрмеуі әлі жазылар емес. Дін саласын бақылап, дін мен мемлекеттің қарым-қатынасын реттейтін құзырлы органдардың жұмысы көпшіліктің көңілін көншітпей отырғаны да жасырын емес.
Осыған байланысты жақында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының [...]

Халық санағының астарлы сыры үн қатса…

Қазақ тарихында 1897 және 2009 жылдар аралығында он бір рет халық санағы өткізілді. Халық санағының бастапқы екеуі (1897, 1911ж) патшалық Ресей заманында, яғни бодандық қамыты мойынға ілінген отаршылдық кезеңде Ресей империясының мүддесі тұрғысынан жүргізілді. Халық санағы әр қазақ немесе әр отарланған елдің отбасында орташа есеппен 5 адам болуы керек деген мөлшерді ұстанды.

“Тағдырымды шимайлап шынықты өлең”

Танагөз Толқынқызы ІЛИЯСОВА, жас ақын, журналист, «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Страсбург университеті, Франция), «Дайджест.kz» газетінің Бас редакторы қызметін атқарған. Алғашқы өлеңін осыдан 20 жыл бұрын шығарған екен. Ақынның мінезінде қызға тән ізеттік, ал өлеңінде ер азаматқа тән өжеттік бар.
Танагөз «Поэзия көктемі» конкурсының, «Жас толқын» фестивалінің «көркем әдебиет» номинациясы бойынша жеңімпазы. Сондай-ақ, республикалық «Қазақстанның ақын қыздары» байқауының [...]

«Талдықорған әнұранын алғаш орындадым»

Арман жетелеп 1964 жылы Алматыға кеткенде Cұлтанғали Насреддиновтің жасы 17-де болатын. Ол ауыл шаруашылығы институтына түсіп, инженер-механник мамандығын алып шықты. Туған жері Маңғыстауға тек 32 жылдан кейін 1996 жылы оралды. Бұған дейін Алматы, Орал облыстарында түрлі сала бойынша қызмет істеді.
Қазір ақсақалдың жасы – алпыс екіде. Жеке кәсіпкер. Өлкеде егінді (көкөністерді) тамшылап суару әдісін алғаш меңгерген [...]

Көлеңкелі кәсіпкерлік көңілімізді қалдырып тұр

Көлеңкелі кәсіпкерлік – әлем елдерінің барлығын дерлік алаңдатып отырған мәселелердің бірі. Әсіресе, АҚШ, Ресей бастаған лаңкестік шабуылдарға ұшырап отырған мемлекеттер көлеңкелі кәсіпкерлікті лаңкестерді қаржыландыратын құрылымдар санатына қосады. Сондықтан да олардан қатты қауіптенеді. Батыс сарапшыларының есебінше, дүниежүзі бойынша көлеңкелі кәсіпкерлікке тиесілі табыс орта есеппен 8 триллион долларға тең. Бұл – АҚШ-тан кейінгі орында тұратын Қытайдың жалпы [...]

Қайта түлеген «Қазақ елі»

Астанада «Қазақ елі» монументінің екінші рет ашылу салтанаты өтті. Біраз толықтырулар енгізіліп, халықпен қайта табысты.

Диханның жайын депутат қана түсіне ме?

Парламент Мәжілісінің осы аптадағы отырысына премьер-министр Кәрім Мәсімовтың өзі келді. Әншейінде, министрлердің өзін шақыртып келтіре алмай, оның орнына келген орынбасарына шүйлігіп жататын депутаттардың тілегені болды. Жан-жақтан анталап, сұрақтың астына алды. Үкімет басының халық қалаулыларының ортасына келе қалса – осылай болатын әдеті. Мәжілісмендерді де түсінуге болатын шығар, қолдарына күнде премьер түсіп жатқан жоқ. Үкімет басшысын кейбір [...]

«Ширк» деп шиқылдаған шерменделердің көксегені не?

Бүгінде Ислам дінінің шарттары мен ұстанымдары, ғибадат-амалдары мен нанымдары және тиымдары жөнінде аз жазылып жүрген жоқ. Иман келтірген мұсылман баласы үшін ең ауыр күнә (діннен шығаратын) Аллаға серік қосу дегенді желеу етіп, сол арқылы дәстүрлі дінді, қаймана халқымыздың айрандай ұйыған тынышын бұзуға, тереңде жатқан тамырымызға балта шабуға тырысып жүргендер аз емес.

МАХАББАТТЫҢ ҚҰЛЫ БОЛСАҢ, ТОПЫРАҚ БОЛ…

МАУЛАНА ҚАЛАСЫ
«Шығыстың жеті жұлдызы» атанған шайырлардың ішінде Әзіреті Маулана Румидің (р.ғ.) шоқтығы әрдайым биік тұрады. «Жақсы ай мен күндей, Әлемге бірдей» демекші, «Маулана біздікі!» деп бабамызға бұл күнде бірнеше мемлекет таласады. Иран «біздікі» дейді, Түркия «Конияда жатқан атамызға ешкімнің ортағы жоқ, басыбайлы біздікі» дейді, ауғандықтар «Жалаләддин Балхи» деп, Балхта туған, демек Хорасан елінен десе, кейде [...]