сарап
Елбасының әлемдік дағдарысқа қарсы бес шараның бірі ретінде ауыл шаруашылығын атауы тегін емес. Дүниежүзілік банк мәліметіне сүйенсек, Республиканың аграрлық секторының әлеуеті инвестиция құю тиімділігі жағынан мұнай өндірісінен кейінгі екінші орынға шығып келеді. Бірақ ел экономикасының аграрлық саласы ауқымды мемлекеттік реттеуге түспей, әлі де қолға алына қоймаған, әзірше өз бетімен дамып жатқан балаң салаға жатады. [...]
Қымбатты бауырлар, қарындас, інілерім.
Сіздің кітапхана оқушыларының игілігіне жарар деп бірнеше кітабымды жолдап отырмын.
Мүмкін болса, нақты адрестері-ңізді жазып хабарлассаңыздар, келешекте де байланысып отырармыз.
Сәлеммен Қабиболла Сыдиықұлы,
18.03.2001
Алматы қаласы
бізден бір сұрақ
2003 жылы ақпанда Елбасы Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Мәдени мұра» бағдарламасын жасап, оны жүзеге асыруды тапсырған болатын. Биыл тағы 3 жыл мерзімге арналған екінші кезеңі басталды. Ал 2004 жылдан бергі 5 жылда бағдарлама табысты жүзеге асырылды ма? Бағдарламаның жетістігі қайсы, кемшілігі қайсы? Осы көкейдегі сауалдарды бірнеше ғалымға қойған едік.
мұрағаттан ұлағат
Маңғыстау – халық фольклорының аңқыған жұпар исін бізге жеткізіп, оны ықылым заманнан бері сақтап, халық сәулет өнерінің архитектуралық мұраларында қайталанбас өзіндік әуені бар алтын бесігіне айналған – тамаша өңірлердің бірі. Осы бір Ұлы теңіздің қолтығын мекендеп жатқан Маңғыстау жері туралы талай-талай саяхатшылар, ғұлама тарихшылар өз еңбектерінде, сапарнамаларында таңдайын қаға, тамсана жазып өткен. Өйткені, түбек [...]
сырткөз
Осыдан 230 жыл бұрын жазылған капитан Николай Рычковтың “Капитан жазбаларын” оқи отырып, ер жүрек қазақ халқының кешегі күніне еніп кеткендей боласыз. Көз алдымызға аузын ашса көмейі көрінетін ақ көңіл, бірақ сырға берік, уәдеге тастай, адал, нағыз ерлер елестейді. Сағынасың. Өйткені олар біздің аталарымыз еді…
Құрметті балақан, өзіңе уәде еткендей біз екі апта бойы өткізілген «Жауап бер де жеңіп ал!» жүлделі ойынының қорытындысын жариялағалы отырмыз.
Құрметті балақан! Сен «АҚҚУ» балалар сауықтыру кешеніне баруға асығып жүрсің бе?
Біз құрбыларыңнан газеттің 16 шілде 2009 жылғы №28 санында жарияланған «Жауап бер де жеңіп ал!» бәйгесінің алғашқы бес сұрағына берген жауаптарын алдық. Бірақ бұл кеш қалдың деген сөз емес. Сол сұрақтарға жауап беріп үлгере алмасаң, мұңайма, осы нөмірдегі сұрақтарға қосып, толық он сұраққа жауап [...]
Ақша жымқырудың айла-шарғысын санап болмайсыз. Нарықтық экономиканың табалдырығын аттағалы бері алаяқ-кәсіпкерлер есеп-шотына ептеп түсіріп алған қазына қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырудың алуан түрін меңгеріп үлгеріпті. Өкініштісі сол, нарық жағдайында бизнеспен адал айналысып, аса ірі жетістіктерге жетудің жолдарын дәл осындай қарқынмен үйрене алмай келеміз. Жақында еліміздің Бас прократурасы жағаңды ұстататын мынадай деректі жария етті: тек есеп-шотқа түскен [...]
сарап
Бүгін Қырғыз елінде өтетін президент сайлауына жеті үміткер ат қосты. Ала-тоо ар жағындағы сайлау дүбірі бұрынғыларға қарағанда айқай-шусыз өтетінге ұқсайды. Өйткені Қырғызстандағы «ауыр салмақтағы» саясаткерлер Феликс Кулов, Әзімбек Бекназаров, Омурбек Текебаевтар бұл науқаннан баяғыда-ақ сырт қалған болатын. Қазіргі президент Бакиев үшін ең қауіпті қарсылас оппозицияның үкілі үміті, экс-премьер Алмазбек Атамбаев қана. Сарапшылар алдын ала Құрманбек [...]
«Ақтау теңіз порты» арнайы аймағын құрудағы басты мақсат - өңірдегі экономикалық саланы дамыту және аймақтың табиғи ресурстарын барынша тиімді пайдалану. 2003-2007 жылдар аралығында экономикалық аймақта бірнеше зауыттар салынып, Маңғыстаудағы қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығару деңгейі 1,7 есеге артты. Қазіргі кезеңде арнайы экономикалық аймақта өз бизнесін бастауға ниет білдірген тағы 5 қаржы салымшысы бар. “Осы жобалардың [...]