2009 мамыр


БИДАЙДАН БИООТЫН ЖАСАЙМЫЗ ДЕП АШ ҚАЛМАЙЫҚ

Қазіргі кезде жанар-жағармайды мұнайды қойып, кәдімгі ас атасы – бидайдан, дәнді дақылдардан жасайтын “сән” шықты. Шетелдіктер биоотын атап жүрген мұндай өнімнің қоршаған ортаға экологиялық зияны аз дегенді желеу етіп, жанталаса қолға алып жатыр. Сөйтіп, қайбір елдерде астықтан жанар-жағармай жасап, аста-төк болып жатса, екінші бір мемлекетте адамзат аштықтан қырылуда. Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) дерегінше, аштық жайлаған [...]

ХАНАБАДТАҒЫ ҚАҚТЫҒЫС

26-мамыр күні түнде Өзбекстан Республикасының Қырғыз елімен шекаралас Әндіжан облысында қарулы қақтығыс болды. Лента рудың хабарлауынша, түнгі 11-12-лердің шамасында бір топ экстремистер (20-ға жуық адам) Ханабад қаласындағы қарулы күштер орналасқан ғимаратқа шабуыл жасаған. Сондай-ақ, Uznews, «Central Asian News» АА, «Азаттық» радиосының хабарлауынша, Әндіжанда бір адам өзін-өзі жарып жіберген. Жарылыс салдарынан 7 адам қаза тапты.

ТҮСІНІКСІЗ ТЫЙЫМ КӨП…

Жақында Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы Алматыда «Ұлық имам әбу Ханифа және бүгінгі заман» атты халықаралық конференция өткізгені белгілі. Оған Ресейден бастап түркі тілдес елдердің дінбасылары, теолог ғалымдар катысты. Нәтижесінде мұндай халықаралық жиын жыл сайын өткізіліп, Әбу Ханифа мазһабын зерттеуге арналған ғылыми орталық құрылып, Әбу Ханифа атында медресе ашылатын болды. Халықаралық басқосудың соңы Мәуліт мерекесіне ұласты.

ТМД-НЫҢ ТЫНЫСЫН АСТАНАДАҒЫ ЖИЫН АША АЛА МА?

Күйреп қалған Кеңес Одағының мұрагері деп те айтылатын Тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД) құрылған күннен бастап түрлі сынға ұшырап келеді. Осы ұйымға мүше мемлекеттер басшыларының өзі «оның келешегінің жоқтығын», «белгілі бір мемлекеттің ғана сойылын соғатынын» әрекідік айтып қалады. Орталық Азия елдері Достастық құрылған күні-ақ терезесі тең мүше ретінде ғана кіретінін, басыбайлы бола алмайтынын ашып айтқан болатын. [...]

Сиқырлы Маруся қазақ баласын арбамасын!

Дүниежүзі Гарри Поттерге табынып жатқанда, көршілес Ресей елі балалар әдебиетіне Маруся атты жаңа кейіпкерді алып келді. «Популярная литература» баспасы әзірлеген «Этногенез» жобасының мақсаты – Поттердің орыс балаларына тигізетін ықпалын азайтып, жасөспірімдерді төл әдебиетімен сусындату. Идеяның авторы продюсер Константин Рыковтың айтуынша, кітап ағылшын, жапон, қытай, неміс, француз, испан тілдеріне аударылмақ. Жоба интернеттің барлық қолданушыларына арналған, бірақ [...]

«Бұл халықтың рухани мұрасы өміріне тірек болуға әбден жарайды»

Қазақтың жасындай жарқ еткен жұлдызы Шоқан Уәлихановтың досы, орыс этнографы, географ, публицист Григорий Потаниннің (1835-1920) «Қазақ хандығының соңғы мұрагері» атты кітабынан үзінді беріп отырмыз. Үзіндіде Көкшетау уезі Сырымбет шатқалында Уәлихановтар әулетінде қонақ болған Потаниннің Шоқан мен қазақ мәдениеті жайындағы құнды пікірлері келтіріледі.

Қызыл қырғын

Лениннен кейін Сталиннің билікке келуі КСРО-да түбегейлі өзгерістерге алып келді. Ол өз пікіріне, әрекетіне қарсының көзін құртып, партияны өзінің бағытында жұмыс істеуге жұмылдырды. Елдегі «жауларына», оппозициялық күштерге қарсы жазалаушы орган Ішкі Істер Халық Комиссариатын (НКВД) құрды. Орган Сталиннің жеке өзінің қол шоқпарына айналып, «мәртебесін» шарықтатып жіберді. Халықта қатты үрей мен қорқыныш қалыптасты.

ТАЖАЛ - ТАҒАМ

Фаст Фуд тағамдарының адам ағзасына келтіретін зияны туралы соңғы уақытта аз айтылып жүрген жоқ. Тіпті, диетолог ғалымдардың өздері де бұл пікірді растайды. Ал, мына сіздің назарыңызға ұсынғалы отырған бір топ зерттеушілердің осы тақырып төңірегіндегі жасаған ғылыми-сараптамалық жұмыстары көңілге ой салатындай дүние. Аты жаһанға белгілі компаниялар шығаратын сусындардың және қазір әлемде кең тараған тез дайындалатын [...]

Үкіметке өзгеріс керек пе?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының ХІІ съезінде инновациялық индустрияландыруды бағдар ете отырып, мемлекеттік басқаруды жетілдіру мен экономиканы әртараптандыру (диверсификациялау) және оның өңдеуші саласын дамыту жөнінде айтқан болатын. Мәселен, әртараптандыру үдерісінің негізгі үйлестірушісі ретінде Индустрия және сауда министрлігін нығайту қажеттігі айтылды. Бұған қарағанда, дағдарысқа қарсы мемлекеттік басқаруды оңтайландыру мақсатында кадрлық жасақтаумен қатар құрылымдық өзгерістер жасаудың [...]

Кеңестік ностальгиядан – болашақ бағдарға

Бүгін Ресей премьер-министрі Владимир Путиннің Қазақстанға жұмыс сапары өтеді. Бұл сапар барысында Қазақстан мен Ресейдің 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарының жекелеген тармақтарының жүзеге асыру барысы, отын-энергетикалық кешен, оның ішінде атом энергетикасы саласындағы мәселелер, «Байқоңыр кешенінің құқықтық келісімдік базасын жетілдіру, трансшекаралық су нысандарын пайдалану және қорғау сияқты басқа да көкейкесті мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр. [...]