Көктем – жастықтың, махаббаттың маусымы екендігі белгілі. Соған орай Шыңғырлау ауданы Торатбас ауылындағы Рабаевтар мен Қажымовтар әулетінде екі жастың бақыт тойы тойланды. Бұл тойдың ерекшелігі отау құрған жастардың бір-біріне деген ыстық сезімдері сонау балабақшадан басталғандығында…
(жалғасы, басы өткен санда)
Қазақ хандарының шығу тегі мәселесі
Қазақ хандығының құрылу мәселесінде зерттеушілердің айналып өте алмайтын, міндетті түрде қарастырып өтетін сұрақтарының біріне – қазақ хандарының шығу тегі мәселесі жатады.
Редакциядан:
Қазақстандағы діни ахуал соңғы кезде шиеленісіп кетті. Тіпті діни-экстремистік топтардың бірнеше қанды әрекеті дер кезінде тоқтатылғанын ақпарат құралдары жария етті. Мысалы, 2005 жылы Атырау облыстық әкімдігін жарып жібермекші болған А.Миронов, 2007 жылы Шымкенттегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратын жарғысы келген Мақұлбеков бастаған топ, Степногорск қаласы әкімдік ғимаратын жармақшы болған «мұсылман бауырлар», Оралдағы Аймұхамбетовтің лаңкестік тобы жасаған [...]
Бүгінде адамзаттың ермегі көп. Әсіресе, әуесқойлықтан американдықтардың алдына ешкім түсе қоймас. Олардың сол өмірін зерттеген атақты ғалым, ойшыл Джон Нейсбит неше түрлі қызық фактілерді оқырманға тарту етеді. «Жоғарғы технология – терең гуманизм» деп аталатын кітабында ғалым «тоқ пен темір түйіскеннен бастап, технологияның алапат қуаты дүниеге келеді» деп бүгінгі адамзат баласы темірдің құлы болғанын жазады.
Тау бөктеріндегі қар еріп, көктем шыға су төңірегіндегі саясат та қыза түседі. Әлемдік саясатта «соғыс суға таластан басталады» деген сөз бар. Бүкіл әлемде 1,1 миллиард адам судың тапшылығын көруде, ал жыл сайын 1,8 миллион бала су жетіспеушілігіне және лас судан шығатын аурулардан шетінейді. 2025 жылға қарай әлем халқының үштен екісі судың тапшылығын көреді.Егер елдер арасындағы [...]
– Көне түркі тарихын зерттеу-де талай мемлекеттен қара үзіп кеткеніміз анық. Соңғы кездегі көптеген жаңалықтар біздің елге тиесілі. Өзіңізді ылғи да қызу жұмыс үстінде көреміз немесе алыс экспедицияда деп естиміз. Бұдан да тың жаңалықтарыңыз бар шығар?
– Әрине, баршылық. Бір өкініштісі өз тарихымыз екенін біле тұра өзгеге теліп келдік қой. Бізге дейін көк түріктің дүниелерін қазақ [...]
Қазақ хандығының құрылуы тарихындағы толық шешімін таппаған сұрақтардың біріне – хандықтың нақты қай жылы құрылғандығы жөніндегі мәселе жатады. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында бұл мәселеге тарихшылар мен қоғамтанушы ғалымдар ерекше назар аударып, мәселені шешуге ұмтылғаны белгілі. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігі туралы заңын қабылдағаннан кейін қоғамтанушы ғалымдар Қазақстан Республикасы мен Қазақ хандығының [...]
Шеберді шебер дегенше,
Алланы шебер десеңші.
Шал ақын
Темір-терсекке жан бітіп, тұрмыс пен қара жұмыстың ауыр тауқыметін біздер емес, солар тартатын таңғажайып заман басталғалы адам ұрпағы Алладан алшақтады. Техника ғылымының құдіреті барған сайын өсіп, адамның Құдайдай болсам деген арманына жеткізетіндей алдайды (Тарихта Құдай болғысы келген адам көп). Бір қарағанда солай көрінуі заңды да. Тау-тастың қойны-қонышында араласып жатқан металл [...]
Осы аптада Иран Ислам Республикасының президентi Махмуд Ахмадинежад тұңғыш рет ресми сапармен Қазақстанға келіп кетті. Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болып, Парламентте Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездескен мәртебелі қонақ Л.Гумилев атындағы Еуразия университетінде студенттермен кездесіп, дәріс оқыды.
Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайы 2009 жылдың 14-наурызында Әулиелердің сұлтаны Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың киелі кесенесінің айналасын көгертуге, көріктендіруге арналған «Жыл сайын 1000 тал» акциясын бастады. Акцияның мақсаты: орта ғасырдағы кесене маңындағы үш шақырымдық көне бақты қайта қалпына келтіру. Ғылыми деректер мен көне көз қариялардың әфсанасында кесене маңында 70 шақты бақтың [...]