2009 ақпан


Сауапқа Сауат қалды

Астана. 23-ақпан.
«РИА Новости» агенттігінің хабарлауынша, Ақтауда салынатын атом электростанциясының (АЭС) құрылысы кейінге қалдырылды. Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша, Ресейден зияткерлік (интеллектуалдық) құқықты меншікке алу мәселесі шешілмеген.

Талайсыз тілдер тарихы

Біріккен ұлттар ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі бюросы (UNESCO / ЮНЕСКО) жер бетінен жойылып кеткен және жойылып кету қаупі бар тілдердің атласын басып шығаруға әзірлеп жатыр. Көп кешікпей аса ірі таралыммен түрлі тілдерде тарала бастайды. Жақында ЮНЕСКО-ның штаб-пәтері орналасқан Париж қаласында (Франция) аталған атластың электрондық нұсқасының таныстырылымы болып өтті.

Қайта қаралған қаражат

Үш жылға бекітілген республикалық бюджетке бірқатар өзгертулер енгізілді. Жуықта Республикалық бюджеттік комиссияның биылғы жылғы алғашқы басқосуын өткізген Кәрім Мәсімов теңгенің девальвациясына және әлемдік экономикадағы соңғы көрсеткіштер мен болжамдарға байланысты осындай шешім қабылдапты. Бұл туралы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мектептегі мәнді мәжіліс

«Ел болам десең, бесігіңді түзе», – деген дана халқымыз әу бастан-ақ ұрпақ тәрбиесіне аса көңіл бөлген. Ұл-қызымыздың ертең ел тұтқасын ұстап, халқына адал қызмет қылуы бүгінгі тәрбиеге байланысты. Осы орайда Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданына қарасты Ақжайық ауылындағы орта мектепте «Жасөспірім және болашаққа қадам» атты тәрбиелік шара өтті.

Қыз өссе елдің көркі…

Сөз басын елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын бөлекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ», – деген пікірінен бастасақ.

Аяулы дос немесе 21 жылдан соңғы кездесу

«Өткенді айтпай, соңғы еске түспейді» демекші, қазақтың арыстай заматтары жайлы сөз қозғағанда белгілі бір оқиғаға, ерлік көрсеткен ісіне қатысты байланыстырып баян етесің. Кешегі желтоқсанда қаншама боздақтың өмірі қыршыннан қиылғаны белгілі.

Ине мен оймақ киесі

Әйелдің ең бірінші парызы – ине мен жіптің парқын білу, яки тігіншілік өнерін терең меңгеру. Ал, екінші парызының не екені әлі күнге құпия.
Оскар Уайльд, ХІХ ғасырдағы ағылшын жазушысы

“Киімнің бұзылуынан әдебіміз азды…”

Белгілі этнограф ғалым Жағда Бабалықұлы:

Абыл ақынның тойбастары

Абыл Тілеуұлы ӨТЕМБЕТТЕГІ
(1777-1864)
“Олардың ішінде түрікмен классигі Мақтымқұлының замандастары Адай Абыл мен Бұқар жырау, Нұрым, Марабай, Жанақ ХҮІІІ-ғасырдың айтулы ақындары ретінде ерекше орын алады” дейді академик-жазушы Мұқтар Омарқанұлы Әуезов. Абыл ақпа-төкпе ақберен сөз зергерлерінің, Қазақстанның батыс аймағындағы өнер ортасының көрнекті өкілдерінің бірі болды. Ол Маңғыстау елі арасында өз дәуірінің “Бес жүйрігінің” бірегейі ретінде халқының ерекше [...]

Светқали. «Тасқа сiңген»

Айгүл КЕМЕЛБАЕВА

1. Елес.
Светқали Нұржан (Айт-ман). «Таң қауызын жарғанда» атты үш томдық жыр жинағы. Поэзия күннiң шығуы, гүлдiң өсуi, бұлақтың ағуы тәрiздi мәңгiлiк қозғалысты сүйедi.