«Үш Қиян» Республикалық ұлттық тәуелсіз апталық газет

«Үш қиянның» үздіксіз жұмысына 10 жыл!
Осыдан 10 жыл бұрын 2000 жылы 4-ші тамыз күні тұсауы кесіліп, алғашқы нөмірін оқырман назарына ұсынғаннан бастап, үздіксіз шығып келе жатқан «Үш қиян» газеті №482 нөмірін де мінеки, қолдарыңызға тигізіп отыр.

10 жылғы тынымсыз еңбек, ел тәуелсіздігінің қалыптасу жылдарында қазақ қоғамының ұйысуына, айтар сөзіне, іздегенін табуға, сұрағанын алуға өзіндік үлесін қосты деп сенеміз. Кешегі тәуелсіздіктің алғашқы қиын-қыстау жылдарында азаттыққа қол жетіп, тамырымызды тануға, болмысымызға оралуға деген жанталасқан ізденіс әр қазақтың азаматтық парызындай болды. Қоғамдық ұйымдар құрылды, тәуелсіз газеттер ашылды. «Надандық» деген ауруды тәуіп емдей алмайды» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, құлдық психология мен ғасырлар бойы егілген, жұққан талай «дерттен» жазылу міндеті тұрды. «Адам өзі білмейді, ойды қайдан алғанын, білмесе де іздейді жанның айдап салғанын» деп Шәкәрім Құдайбердіұлы жазғандай жанның айдап салғанымен тарихи тамырымызды, қазақи болмысымызды, өзімізді, өзегімізді тапқымыз келді. Жүректегі талай дерттің шипасын білу керек болды. «Үш қиян» газетін ашу осындай ізденістен, талпыныстан туған ой болды десек қателеспейтін шығармыз. Ой, сөзге айналып, сөзден іске көшкелі міне, он жыл толып отыр. Сай-саланы кезген ізденіс еш кетпеді. Барлық мұра, барлық қазына өз аталарымыздың, бабаларымыздың сөзінде екен. Мемлекеттің беріктігі, елдің тыныштығы, мемлекет басшысына адалдық, ұлдың әдепті, қыздың ибалы болмағы, отбасы шаңырағының шайқалмауы бәрі-бәрі асыл бабаларымыздың айтқан сөздерінде айнадай жарқырап тұр екен. Тек, аршып алып, қорыта білуіміз керек. Бүгінгі күні «Үш қиян» сол соқпақты таныды. Қазір газет қолыңызға тисе, парақтап отырып, оның өз ерекшелігін байқайсыз. Қазақ боламын десең, «Үш қиянды» оқы дейтіндей, ішінен іздегеніңізді табатын мақалалар, ой-пікірлер бар…

Әрине, «Үш қиянның» Маңғыстауда кең таралып, оның ой-қырынан өтіп, бүкіл республикаға жетуі редакция қызметкерлері жұмысының жемісі ғана емес, көптеген ойлы оқырмандарымызбен, жанашыр адамдардың арқасы. Сондай тілеулестіктің арқасында газет таныла түсті. Сондай-ақ, «Үш қиян» көтерген мәселені басқа ақпарат құралдары, ал, өзге басылымдардағы өзекті мәселелерді «Үш қиянның» жалғастырып, талқылап жатуы, онға толып жатқан газеттің Қазақстандағы ақпарат құралдарының ішінен өз орынын тапқанын көрсетеді. Тек, баянды болғай!

Қазақстанның қиыр батысы, киелі Маңғыстауда шығып, тарап жатқан бұл басылымға тілеулес болып отырған оқырманға, ағайынға алғысымызды айтамыз. Тәуелсіз еліміз тыныш, мемлекетіміздің іргесі берік болсын. «Үш қияннан» көз жазбаңыз.

Бас редактор

Алмас ҚУАНБАЙ

Саясат тақтасындағы мемлекеттік тіл жүрісінен неге жаңыла береді?
«Протокол қызметi туралы Ереже» жөнiнде не бiлемiз?

Саясат тақтасындағы мемлекеттік тіл жүрісінен неге жаңыла береді?

«Демократиялық жаңаруларды жүзеге асырғалы жатқан екенсiздер. Жөн. Бiрақ ұлттық даралықтан айрылып қалмаңыздаршы!».

Малайзия парламентiнiң өкiлдер палатасынын төрағасы Нга Талиб мырзаның анабiр жылы Қазақстанға жасаған ресми сапарында сол тұстағы Сенат төрағасы Нұртай Әбiқаевпен болған кездесуiнде айтқан осы сөзiнiң астарында не жатыр?

Әлде ұлттық идеяны әуелi тiлмен байланыстыратын малайзиялық мәртебелi мейманның итальяндық «Ренко» компаниясының президентi Ренальдо Гаспаранидiң: «Мен әлемнiң 141 елiн аралаған адаммын. Солардың iшiнде өз мемлекетiнде тұрып, өз ана тiлiнде өмiр сүре алмай отырған халықты көрдiм. Ол — қазақ халқы», – деген сөзi жанашырлықпен айтқан ескертпесi ме екен?! Қалай десек те, қадiрмендi қонақ ресми кездесулердегi өз сөзiн аудармашыдан тiкелей қазақшаға тәржiме жасауын талап еттi. Ана тiлiмiздiң беделiн мәртебелi мейманмен болған сол кездесуде Нұртай Әбiқаев та қорғап қалған едi. Бұл кездесу шенеунiктер көбiне сылтау ретiнде алға тартатын «халықаралық кездесулердегi ресми тiлге жүгiнудiң қажеттiлiгiн» жоққа шығарды.

Елiмiзге басқа шет елдерден делегация мүшелерi келе қалса, билiк басындағылар орыс тiлiн ресми хаттамаларға енгiзбей қойған оқиғалар бұрын да болған. Бiрақ, ол жаппай қолдау таппады. Ұлыбритания парламентiнiң мүшесi, лорд Уэйверлидiң Астанаға жасаған сапарында Сол кездегi Сенат төрағасы Оралбай Әбдiкәрiмовпен болған кездесуi қазақша, ағылшынша өттi.

Жалпы, «Протокол қызметi туралы» алғашқы Ереже Қазақ КСР кезiнде қабылданған болатын. Егемендiгiмiздi алғаннан кейiн АҚШ үкiметiмен болған екi жақты келiсiм-шартты қазақ және ағылшын тiлдерiнде дайындау жөнiнде мәселе де көтерiлген. Америка тарапының «бiзде қазақ тiлiн бiлетiн ресми аудармашылар жоқ» деген талабы орындалмай, АҚШ пен Қазақстан арасындағы екiжақты шарт қазақ және ағылшын тiлдерiнде жасалған болатын. Егер 1992 жылғы құжаттарды қарасаңыз, келiсiм-шарттардың қазақ тiлiнде толтырылғанын көруге болады. Бұл елiмiз протокол қызметiнiң өзге ел алдындағы саяси дипломатиядағы оң жүрiсi едi. Осы жүрiсiмiз Тәуелсiздiк жылдарында жүрiсiнен жаңылды. Осыдан бiрнеше жыл бұрын елiмiзге ресми сапармен келген АҚШ вице-президентi Ричард Чейнимен болған кездесуде орыс тiлiн делдалдыққа салып жiбердiк. Протокол бойынша бұл кездесу қазақ-ағылшын тiлдерiнде өтуi тиiс едi.

КСРО көп ұлтты мемлекет болды. 300 миллионға жуық Кеңестер Одағының халқы 120-дан астам тілде сөйлеген. Мемлекеті жоқ ұлттардың тілдері де кеңес халқының тілінің санатында болды. Заң жүзінде КСРО-ның мемлекеттік тілі болған емес. Алайда халықаралық қауымдастық алдында өзін барынша демократиялық ел ретінде көрсеткісі келетін КСРО-ның іс-қағаздарын жүргізу тек қана орыс тілінде жүзеге асырылатын. 1990 жылдың 24-сәуірінде ғана «КСРО халықтарының тілі туралы» заң қабылданды. Осы құжатқа сәйкес қана орыс тілі КСРО- ның ресми тілі болып аталды. Сөйтіп КСРО-ның мемлекеттік тілі бір-ақ жыл қызмет етті.

«ҚР өзі қабылдаған Мемлекеттік тілі бола тұра, осы уақытқа дейін Парламенттің қос палата отырыстарының өзге елдің мемлекеттік тілі – орыс тілінде өткізілуі әбестік. Қазақстанның парламенті екенін тек отырыстардағы таблолардан ғана білеміз», – деп Мұхтар Шаханов айтқандай, депутаттардың ресми тілде сөйлеуі, уақыт өткен сайын үдеп барады.

Жақында Мәдениет министрлігі әзірлеген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама-сын Президент жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің отырысында мәселе Мемлекеттік тіл туралы болып жатқанда Парламент депутаты Бақыт Сыздықованың басымдықты ресми тілге бұрып әкетуі көңілімізді күпті етті. «Бүгінгі таңда жастардың көбінің қазақ тіліне деген құрметі ерекше. Бірақ басым бөлігі өз ойын мемлекеттік тілде ашық жеткізе алмайды. Сол себепті мен орыс тілінде сөйлеуге мәжбүр болып отырмын», – деп өз ойын орыс тілінде жеткізуге мәжбүр болды.

Бұған Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед жан-жақты ұғынықты түрде жауап берді. Бұл өз кезегінде Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаевтың: «Қазақ елінде тұрдың ба, сол елдің азаматы екенсің, ендеше шу шығарудың қажеті жоқ. Сол елдің тілін үйрен!» – деген ұранды сөзімен астасып жатты. Мұның өзі қазақ тілінде ойлап, сөйлей алмайтын адам қазақ ұлтының келешегі үшін шынайы қызмет етеді деген сенімділікті орнықтыра алмайтынын көрсетіп берді.

Ең осал тұсымыз

Дипломатиялық хаттама тәртiбi бойынша елiмiзге келген шетелдiк делегацияларды қазақ тiлiнде қарсы алып, сол тiлде шығарып салуымыз керек. Бұл ереженi бiрiншi болып өзiмiз бұзамыз, сол әрекетiмiз арқылы оларға жеңiлдiктi тағы өзiмiз жасап отырмыз.

Бiз ұзақ уақыт қазақ тiлiн қызмет көрсету саласында, қоғамдық көлiктерде, мәдениет орындарында қолдануды жолға қойып келдiк те, оны саясат саласында қолдану қажеттiлiгiн ескермей келдiк.

Қазiргi уақытта мемлекеттiк тiлдi халықаралық саясат саласында қолдану iсiн кеңейту қажеттiлiгi туындап отыр. Демек, қазақ тiлiн көпшiлiк арасында жүргiзiлетiн саясаттың негiзгi тiлi, саяси байланыстағы негiзгi құралына айналдыру қажет. Қазiргi таңда мемлекеттiк тiл атқаратын функциясына ғана емес, ол – саясат тiлi қызметiн жүргiзе алатындай белгiлi бiр саяси сипатқа ие.

Мемлекетiмiзде қазақ тiлiнде бес ғасыр бойы саяси басқару iсi жүргiзiлiп, осы тiлде күштi саяси-құқықтық негiз өмiр сүрiп келгенi тарихтан жақсы мәлiм. Алайда, соңғы кездерi қоғамдық қатынастарда, әсiресе, саясат саласында қазақ тiлiн батыл енгiзу тәжiрибесiн ескермейтiн болдық. Сондықтан қазiргi уақытта қазақ тiлi белгiлi бiр «саяси оңалту» iсiне аса мұқтаж. Демек, қазақ тiлiнiң бiр кездегi саясат және мемлекеттiк басқару саласындағы белсендi позициясын қайтадан өзiне қайтару қажет. Ол үшiн: қазақ тiлiн шын мәнiнде билiк буындарында кеңiнен таралған және сұранысқа ие болып отырған саяси тiлге айналдыруымыз керек, екiншiден, қазақ тiлiн саясат саласындағы негiзгi ақпарат жүгiн тасымалдайтын күшке жеткiзуiмiз қажет, үшiншiден, оны (қазақ тiлiн) саяси диалогқа, ғылыми, мәдени үнқатысуға және саясат айдынына яғни, саясат аудиториясына алып шығуымыз керек, төртiншiден, қазақ тiлiн ресми саладағы барлық хат-хабар алмасу тiлiне жанды араластыру қажет. Бiз сонда ғана саяси координаттық жүйеге басымдық берген тәуелсiз, ұлттық мемлекет ретiнде өзiмiздi әлемдiк қауымдастыққа сыйлата аламыз.

Әзiрге мемлекеттiк тiлiмiз саясат тақтасында тоқтап қалған тасымызды өрге қарай сүйрей алмай келедi. Елiмiздегі саясаткерлер, депутаттар, мемлекеттiк шенеунiктер қазақ тiлiн саяси пiкiрталас мiнберiне алып шыға алмай отыр. Саяси пiкiр-таласта қазақша сөйлемеу — қазақстандық саясаткерлердiң имидждiк келбетiндегi ең осал тұсы болып тұр.

Қазақстандағы мемлекеттiк басқару жүйесi туралы Ресейде және Батыс Еуропада жарық көрген анықтамалықта: «Қазақ ұлтының өкiлдерi Қазақстандағы мемлекеттiк қызметкерлердiң 90 пайызын, жоғары деңгейдегi мемлекеттiк басшылардың 95 пайызын құрайды» деп көрсетiлген. Десек те, олар келiсiм-шарт тiлiн орыс тiлiнде жүргiзуге жүгiнедi. Себебi, оны мемлекеттiк тiлде кәсiби деңгейде жүргiзуге шенеунiктерiмiз ықыласты емес. Олар (шетелдiктер) мұны бiлмегендiктен емес, талаптың жоқтығынан iстейдi. Яғни саяси билiктiң мемлекеттiк тiлге деген ұстанымы елiмiздiң егемендiгi рухына сәйкес келмейдi.

Қазақстан Республикасының «электронды үкіметін» дамыту мәселесінде де ерекше көңіл аударарлық мәселе бар. Ол – электронды сатып алу порталындағы қазақ тілінің жағдайы. Бір жылдан астам уақыт өтті, аталмыш порталдағы барлық ақпараттар бүгінге дейін тек қана орыс тілінде болып отыр. Қазақ тілінде бірде-бір хабарлама жоқ. Бүгінгі таңда 30 мың интернет сайты тіркелген көрінеді. Оның тек 300-і ғана мемлекеттік тілде хабар беріп отыр екен. Сондай-ақ, мектептеріміздегі 72 пайыз оқушының туған тілі – қазақ тілі, ал мектептердің 80 пайызы қазақ және аралас мектептер. Сонда бұл ақпараттар кім үшін дайындалып отыр?

Бүгінгі таңда құқық қорғау органдарындағы іс-қағаздардың 90 пайызы ресми тілде атқарылады екен. Өкінішке орай, талап–арыздың орыс тіліндегі нұсқалары үйреншікті болған соң, құжатты қабылдаушылардың өздері орыс тіліндегі үлгілерді арызданушыларға ұсынатын көрінеді.

Жақында Латвия Ішкі істер министрлігі өз қатарларына тек латыш тілін меңгергендерді қабылдайтындағы жөнінде шешім жасады. Жалпы, Латвияда қоғамның кез-келген саласында қызмет істейтін азаматтың латыш тілін білетіндігі жөнінде куәлік берілетін заңдылық та бар.

Орысша мәтiннен бас тартқан елшi

Түрiк парламентiнiң бiр депутаты қазақ министрлерiнiң ресми кездесулерде өз елiнiң мемлекеттiк тiлiнде бiрде-бiр рет сөйлемегендiктерiн айтуы ненi көрсетедi?

Мемлекетiмiздегi тәуелсiз лауазымды тұлға — Омбудсман болып ұзақ жылдар қызмет атқарған Болат Байқадамов өзiнiң билiк буынында қазақ тiлiнде сөйлеудi дағдыландырмай-ақ қызметiнен кеттi. Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлдердiң елiмiзде өткiзiлген халықаралық конференциясында да оның ресми тiлде үнқатысуы елiмiз имиджiне ұпай әпермегенi анық. Керiсiнше, осы конференцияда Испанияның Төтенше және өкiлеттi елшiсi Чаморро Сантьяго өзгелерге үлгi көрсеттi. Халықаралық конференция кезiнде мiнбеге көтерiлген елшi ешкiмнен кешiрiм сұрамай-ақ, әзiрлеп әкелген орысша мәтiнiнен бас тартып: «Адам құқықтарының қорғалуына өзiндiк үлес қосуға бағытталған бұл жиынға Испания аса үлкен мән берiп отыр. Сондықтан мен өз ана тiлiмде, испанша сөйлеймiн» деп өз Үкiметiнiң саяси платформасын баяндап бердi. Бұдан елшi ешнәрсе ұтқан жоқ, бiрақ, испан тiлiнiң өршiлдiгiн танытып өттi. Түсiнiктi болу үшiн қосымша ретiнде мына мысалды айта кетудi жөн көрдiк. Жалпы, Испанияда бiрiн-бiрi қиындықпен түсiнетiн 4 диалектi бар. Бiрақ ел Конституциясында «испан тiлiнiң кастиль диалектiсi мемлекеттiк тiл болып табылады. Испанияның әрбiр азаматы испан тiлiн бiлуi мiндет» деп айқын көрсетiлген. Оған қарағанда, қазақ тiлi бiрiн-бiрi айқын түсiнетiн диалектiден таза ғой. Сондай-ақ Польшаның Қазақстандағы елшiлiгi Польша Республикасының тәуелсiздiгiне орай ресми қабылдау өткiздi. Мерекеге орай ұйымдастырылған кеште жиналған қонақтарды Поляк Халық Республикасының Қазақстандағы елшiсi В.Соколовский қазақ тiлiнде құттықтап, сөз сөйледi. Елшi осы әрекетi арқылы елiмiздiң көптеген шенеунiктерiне ой тастап кеттi. Ол, ол ма, соңғы кездерi облысаралық қарым-қатынастың өзiн орыс тiлiнде жүргiзуге жол ашып алдық. Сонда қазақ тiлiнiң ұтымдылығын елдiң негiзгi халқының игiлiгiне айналдырып, оның тиiмдiлiгiн арттыруға не кедергi?

Қазiргi саясат жергiлiктi халықтың ұлттық дәстүрi, құндылықтары және тарихи тәжiрибесi есебiнен саяси мәдениетiн, өркениеттiлiгiн дамытуға сұранып тұрғандығын да iлгерi тасымалдай алмай отырмыз.

Қоғамда мемлекеттiк тiлге деген кажеттiлiктiң алғы шарттарының қалыптасуына барынша кедергi келтiруге тырысып бағатындар да жасырын күшке ие. Олардың қатарында ой-саналары әбден орыстанып кеткен өз ұлтымыздың өкiлдерi де бар. Осыдан келiп, орыс тiлдi орта қалыптастыру белең алып барады.

Азат ҮСЕН

Теңіздердің тамыры
журналистік сапар

«Каспий-Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары» ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысы

Үлкенқұдық қай дәуірден қалған мұра?

26-28 тамыз аралығында Маңғыстау облысында ІІ Халықаралық «Каспий-Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл шара алғаш рет осыдан үш жыл бұрын өткен болатын.

Конференцияға Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Иран, Америка Құрама Штаттары елдерінің көрнекті ғалымдары, мемлекеттік деңгейдегі лауазымды қызметкерлері қатысты. Олардың қатарында Ресей ғылым академиясының тарих институтының қызметкері, Азия және Еуропа елдеріндегі ноғайлы тарихын зерттеп жүрген профессор В.В.Трепавлов, А.В.Пачкалов, РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің аға ғылыми қызметкері, Мәскеудегі этнология және антропология институтының доценті Е.В.Веселовская, Ресей археология институтының бөлім меңгерушісі, профессор И.Л.Кызласов, Маңғыстау мәдени мұраларын зерттеуші белгілі ғалым Л.Л.Галкин, Астрахань қаласының мемлекеттік тарихи-архитектуралық мұражай-қорығынан А.Мақабаева, Индиана штатынан көрнекті зерттеуші-ғалым Девин Ди Уис бар.

26-тамызда конференцияның пленарлық және секция отырыстары, 27-тамызда Қарағия ауданындағы «Шопан-ата қорымы және жерасты мешіті» – «Үлкенқұдық діни-қабірлеу кешені» – «Бекет-ата жерасты мешіті» тарихи-мәдени ескерткіштеріне «Ескерткіштерді сақтап қалу және пайдаланудың қазіргі заманғы мәселелері» тақырыбында жүрмелі семинар өткізілді. Конференция Каспий маңы және іргелес елдеріндегі ғылыми зерттеулерді тоғыстыруға, Маңғыстау облысының тарихи-мәдени мұраларын насихаттауға, Қазақстанның халық-аралық саяси аренадағы беделін көтеруге үлесі зор.

Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының бастығы Майра Ғұмарова: «Бұдан үш жыл бұрын өткен конференцияда өлке тарихы үшін де, маңғаз Маңғыстау түбекті әлем жұртшылығына танытуда да нақты нәтижелерге қол жеткізсек, енді өлкемізде «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша істеліп жатқан істердің жаңа бір парасы дүниеге келмек», - деді.

“Шопан-ата” басында

Сондай-ақ, Ақпарат және байланыс министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Ербол Шаймерден соңғы жылдары Маңғыстау облысында тарихи-мәдени мұраның зерттеу, сақтау жолдарын қарастыру жөнінде жаңа ереже қалыптасты деп есептейді. Оған бірталай шаралар жүйесін жүзеге асыру арқылы қол жеткізіліп отыр. «Соның бір көрінісі – осы екі күндік халықаралық конфереция. Конференцияға он шақты елден ғалымдар келіп, Арал-Каспий өңіріндегі мұраларды зерттеу жөнінде көп пікір ортаға салынды, салиқалы, салмақты жиналыс болды. Арал-Каспий өңірі мұралары әлем халықтары тарихында ерекше орын алады, бұл өңірде сан ғасырдың ізі жатыр, түрлі мәдениеттердің, өркениеттердің ізі жатыр. Бұл конференция жай ғана пікір алысу, осы бағыттағы ғалымдардың ой бөлісуі болған жоқ, нақты шаралар анықталды. Мысалы, Ақтау қаласында Арал-Каспий өңірі тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге арналған арнайы орталық ашу керектігі туралы ұсыныс жан-жақтан келген ғалымдар тарапынан қолдау тапты.

Шопан-ата, Пір Бекет әулиенің басында болып, облыста жүргізіліп жатқан нақты жұмыстар көрінді. Біріншіден, конференция Арал-Каспий өңіріндегі көне мәдениеттер, өркениеттердің бүгінгі иелері көптен бері қосылмай жүрген ғалымдардың басын қосты. Екіншіден, мәселе кең тұрғыда қаралды, тек археология ғана емес, тарих, мәдениет, архитектура, әдебиет салалары ауқымды зерттеулерін арнап жатыр. Меніңше, конференцияда қойылған проблемалық мәселелердің бірі – Мұрын жыраудың «Қырымның қырық батырын» басқа тілдерге аудару болды. Бұл ұсынысты Өмірзақ Озғанбаев айтты», - деді Ербол Шаймерден. Және де ол сөзін: «Елдің тарихқа деген көзқарасы жақсы болса, келешегі кемел болады», - деп қорытты.

Үлкенқұдық қай дәуірден қалған мұра?

27-тамыз күнгі Шопан-ата, Үлкенқұдық, Бекет-ата ескерткіштеріне жасалған сапар жаңа бір жаңалықтардың, зерттеулердің ұшығын шығарды деп айтуға болады. Соның бірін ғана айта кетсек, Шопан-ата қорымына жақын орналасқан «Үлкенқұдық діни-қабірлеу кешені» қай дәуірдің мұрасы екені турасында археолог Арнабай Нұржанов өзгеше ой-тұжырым айтты. Бұған дейін 2005 жылы ескерткішке қазба жұмыстарын жүргізген археолог Андрей Астафьев діни-қабірлеу кешенінің біздің заманымызға дейінгі 2 мыңжылдықтың ортасындағы қола дәуіріне жататындығын дәлелдеген болатын.

“Үлкенқұдықтағы ескерткіштерді қайта зерттеу керек”.  Арнабай Нұржанов  археолог

Ал Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының аға ғылыми қызметкері Арнабай Әбішұлы ескерткішті көре сала, оны орта ғасырлық ғұрыптық құрылыс деп таныды. Оның айтуынша, қола дәуіріне тән екенін білу үшін ескерткіштің астын қазу, табу керек. «Ал, үстіндегісі 18-19-ші ғасырдағы құрылыс, астындағы саз балшықтан жасалған орта ғасырлық құрылыс болған. Ол құрылыс кейін құлап қалғасын, үстіне жаңа құрылыс салған. Қола дәуіріндегі құрылысты анықтау үшін қима жасау керек, астын білу керек. Мүмкін астыңғы қабаттарында қола дәуірінің қалдықтары, құрылыстары табылып қалар», - дейді Арнабай Нұржанов.

Археолог Арнабай Әбішұлы «Үлкенқұдық діни-қабірлеу кешені» нағыз орта ғасырлық құрылыс екеніне күмәнданбайды. «Төбені көзімізбен көрдік, бертінде қолдан жасалғаны көрініп тұр. Мұны қайтадан зерттеу керек», - дейді Арнабай Әбішұлы.

Ақерке Оразова

«Орталық Азиядағы исламды зерттеу қатты қызықтырды»
сырткөз

Девин Ди Уис,  АҚШ-тағы Ішкі Еуразияны зерттеу институтының директоры, Индиана университетінің профессоры, исламтанушы:

Маңғыстаудағы ІІ Халықаралық «Каспий-Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары» ғылыми-практикалық конференциясы аясында 27-тамыз күні Шопан-ата, Бекет-ата әулиелердің басына алыс-жақыннан қонақтар зияраттаған болатын. Соның арасында АҚШ-тан келген профессор, исламтанушы Девин Ди Уис те бар. Маған Пір Бекет әулиенің жер асты мешітіне қарай төменге түсер жолда онымен жолығудың сәті түсті. Профессор Девинді «Баба түкті шашты әзіз», «Алтын Орданың исламға бет бұруы» сынды бірақатар монографиялардың авторы ретінде, Орталық Азиядағы ислам тарихын зерттеумен айналысатын ғалым ретінде естіп-біліп жүретінбіз. Исламтанушымен жүзбе-жүз кездесіп, Қазақстандағы діни ахуалға қатысты аз-кем сұхбаттасқан едік. Әулиенің басына жеткенде ғалым әңгімесін тәмамдап, Атаға зиярат қылды.

– Девин мырза, Сіз Орта Азиядағы исламды зерттейсіз. Қазіргі Қазақстандағы діни ахуал туралы пікіріңізді білсек деп едік.

– Қазақстанда исламның бірнеше бағыты, тобының арасында тартыс, бәсекелестік бар. «Қазақ халқы ислам діні не екенін білмейді, сондықтан басқа елдерден оқып келу керек» деген пікір қалыптасқан. Мен қазақтың дәстүрлі исламының тамыры терең, бұрыннан берік қалыптасқанын білемін. Қазақ халқының ислам туралы түсінігі, дүниетанымы қалыптасқан, ислами көзғарастары өз арнасына түскен, тарихын, мәдениетін терең біледі.

– Исламтанушы ретінде айтыңызшы, ислам әлемі діннің өзегіне түскен құрт сияқты болған діни экстремизм және терроризммен күресуде жаңа құрал тапты ма? Қазақстанның тәжірибесімен таныссыз ба?

– Зайырлы мемлекет ретінде Қазақстан әр түрлі бағыттың діни сенім бостандығын сақтауы керек. Алайда Кеңес Одағы ыдыраған соң қатерлі идеологиялардың қысымы артқанын ескеретін болсақ, діни экстремизм, терроризммен күресуді күшейтуі тиіс. Ол үшін дәстүрлі исламды қолдау керек. Кеңес Одағының 70 жылдық атеистік саясаты салдарынан адамдар дәстүрлі дінінен ажырап қалды. Қазақ халқы ата-бабасы ұстанып келген исламды әлсіретіп алды. Сол себепті бүгінде нақ осы исламды меңгеру, осы туралы түсінік өте төмен. Бірақ олар дінді ерекше ықыласпен іздеді, тануға талпыныс жасады. Ата-аналарынан сұрайын десе, олардың білетіні аз болғасын сұранысы қанағаттанбады. Сөйтіп, олар «дінді» өзінің мүддесін тықпалап жүрген арнайы мақсаты бар шетелдік топтардан іздеп, жүйеленген жергілікті діни мектептен, салт-дәстүрден одан сайын алыстай түсті. Тіпті, дәстүрлі исламын менсінбейтін болды.

Жат идеологияға қарсы ең басты қару – дәстүрлі ислам. Сондықтан оны қолдау аса қажет.

Девин Ди Уис Бекет-ата мешіті ішіндегі  діни рәсімді орындауда (белағашқа тәу ету).

– Қазақстанда діни экстремизм қаупі қаншалықты деп ойлайсыз?

– Бүгінде Қазақ-стандағы дәстүрлі исламға қарсы әрекет етіп жүрген топтар бар. Қазақ халқы өздерінің дәстүрлері өте озық және исламға қайшы емес екенін түсінеді деп ойлаймын. Сырттан келген уағызшылардың басым бөлігі қазақ дәстүріне сай келмейді. Сондықтан келер болашақта діни экстремизм қаупі айтарлықтай қазақ қоғамына ене алмайды және ондайға жол бермейді деп есептеймін.

– Сіз неге Орта Азиядағы исламды, оның ішінде Қазақстандағы ясауи ілімін зерттеуге құштар болдыңыз?

– Бұл тақырыпқа жеке қызығушылығыммен келдім. Мені Орталық Азияның тарихы, ондағы исламның рөлі қатты қызықтырды. Орталық Азия елдері және Қазақстанның халқы қалай мұсылман болды, қалай мұсылманшылықты ұстанды, өздерін қалай мұсылман ретінде таныды?» деген мәселелер толғандырды. Мен исламды, оның ішінде сопылық жолдарды зерттедім. Және де Қожа Ахмет Ясауидің тұлғасы, ясауийя тарихаты тарихын ғылыми тұрғыда зерттеп, шама келгенше ақиқатын ашуға бел байладым. Сондай-ақ, әсіресе, мұсылмандардың қасиетті орындары – мазарлардың тарихын зерттеуге талпыныс жасадым. Көбінесе мен жазба дереккөздер негізінде зерттеймін. Бірақ кейде зерттеу объектіме арнайы келіп, көзбен көріп кететін кездерім де болады.

– Дәл, қазір Бекет ата әулиенің басына келіп тұрғаныңыз сияқты ма?

– Иа.

– Мен Орталық Азия аймағындағы Қожа Ахмет Ясауи туралы ғылыми зерттеулерді және деректерді жинап, салыстыруды мақсат тұттым. Сол себепті, шама келгенше «Диуани хикметті» зерттедім. Заманында Ясауи ақын, не жазушы ретінде танылмаған. Ол сол кезеңде Орталық Азияға, тіпті әлемге шейх, ұстаз ретінде мәшһүр болған. Қожа Ахмет Ясауи ел арасындағы әулие ретінде мойындалып, өте үлкен беделге ие болған. Меніңше, Ясауидің жеке өзін зерттегеннен гөрі ясауия тариқатын зерттеу оңайға түседі.

– Қазір біз Бекет-ата әулиенің басында зияраттап жүрміз. Сұрақты төтесінен қойсам, сіз бұл жерден не іздедіңіз?

– Бұл жерді кітаптан оқып білген едім. Қазір өз көзіммен көріп отырмын, менің мұнда бірінші рет келуім. Өте таңғалдыратын, әрі қызықты орын. Ал, ислам дәстүрі тарихында мазарларға зиярат қылмау деген нәрсе кездескен емес. Бұрыннан және барлық жерде бар нәрсе. Бұл құрмет болады. Ал, кейбіреулердің зияратқа қарсы емеурінінің өз есебі бар шығар…

– Ой бөліп сұхбаттасқаныңызға рахмет. Зияратыңыз қабыл болсын!

Сұхбаттасқан:

Дәурен СЕЙІТЖАНҰЛЫ

Ақтау-Оғыланды-Ақтау

«Қазақ елі – иісі түріктің асыл негізі»
Сыр-сұхбат

Асылы Османова, филология ғылымдарының кандидаты, «Мемлекеттік тілге – құрмет» бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі:

– Асылы апа, жан-жүрегіңіз қазақ деп елжіреп жүреді ғой. Менің өзіңізбен бір сырласқым келіп тұр.

– Иә, айналайын, айта ғой. Қызметіңе жарайын.

– Өзіңіз білесіз, мына жаһандыру дәуірінде ұрпақ тәрбиесіне мән беру өте өзекті. Осы орайда мектептегі, үйдегі бала тәрбиесінде неге маңыз беру керек, нені ескеру керек?

– Мен ұстаз ретінде, Қазақстан қоғамының азаматы ретінде айтарым, баланы алдыменен анасы ұлттық рухта тәрбиелесе деймін. Әйтеуір, бала тәрбиесінен хабарымыз бар ғой. Балаға өзінің ұлттық намысының не екендігін таныта білуміз керек. Адам өзін-өзі тануы керек.

Өйткені, азамат өзінің қоғамына «қаншалықты мен пайда келтіре аламын» деп, адам болып жаратылған соң, қалай адам болу керектігін ойланған абзал. Біз соған баули білуіміз керек, тәрбиені дұрыс беруіміз керек. Ол тәрбие қалай болса солай емес, ұлттық рухта болуы керек. Ол бала «мынау менің елім, мынау менің жерім, мен осы елдің толыққанды азаматымын» деген ұлттық рухта тәрбиеленіп, өзін-өзі қоғамына бейімдеп, шын мәнінде адам екендігін, қоғамға керек екендігін ұғып түсінсе деймін. Дұрыс адам алдымен өзін-өзі біліп, танып алғанда ғана ортаны, қоғамды біледі деп есептеймін. Адам өзін-өзі білгеннен кейін, өзгені де түсінеді. «Ол да мен сияқты адам ғой, мен өзімді-өзім білгенім сияқты, ана адамның жан дүниесін білсем екен» дейтін адам көбейсе, ұлттық сапамыздың артып жатқаны дер едім.

– Адамның өзін-өзі тануы төңірегінде сөз тербедіңіз, ал қазақ халқының, оның әрбір өкілінің өзін-өзі тануы қалай болады?

– Құдайдан үмітім бар! Қоғамға пайдалы, ұрпақтың келешегіне сәл де болса себебім тиді, сәулем себілді деген сенімдемін. Менікі тек ұлттық тәрбиеге, ұлттық намысқа, ұлттық рухқа, ұлттық арға қарай тәрбиені бейімдесек жақсы болар еді деген тіленші жанашырлық қой. Әл-Фараби бабамыз «Тәрбиесіз білім – тұл» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, алдымен балаға дұрыс тәрбие, сосын білім беруіміз керек. Олай ете алмасақ, ұлттық рухта тәрбиелей алмасақ, жасап жатқан әрекетіміздің бәрі баянсыз. Жүректің ең төрінде ұлттық рух тұру керек. Тілін, әдеби мұрасын білсе, бар болмысын, жан дүниесін түсінеді.

– Сіз өзіңізді таныдыңыз ба?

– Асылық айтпайын, дегенмен салыстырмалы түрде пайымдайын. Қазақ елі – дана, дархан, қайырымды, мейірімді, тіпті дұшпанын дос етіп, досын туыс ете білетін халық. Құдайға шүкір, қазір елбасымыздың саясаты да елімізді таспен емес достықпен қоршау. Мұның бәрі адамның бойындағы адамгершіліктің болғандығы. Алдымен адам адам бола білу қажет. Өзін-өзі тану арқылы адам өзгені таниды дедік. Салыстырмалы түрде қарағанда, мен мақтанбаймын, қазақ елінен жұққан жақсылық, мейірімділік, қайырымдылықты әлімнің келгенінше көрсетіп жатырмын. Тау көтеріп, жер қопарып жатпасақ та, қазақ елінен үйренген ізгіліктің дәнін егуге тырысып жүрмін. Өз-өзімді жүз пайыз танымасам да, Құдайға шүкір, оң-солымды танып білемін деп айта аламын. Өзіңді-өзің танысаң, жақсы мен жаманды ажырату, біреуге қиянат жасамауды білесің. «Пышақты өзіңе сал, ауырмаса өзгеге сал» дейтін осы сықылды қазақтың даналығын ұғып, түсініп, ешкімге қиянат жасамағандығыма қарағанда, әке-шешемнің тәрбиесін, қазақтың тәрбиесін, асыл қасиеттерін бойыма шама жеткенше сіңіргендігіме қарағанда өз-өзімді танығандаймын. Мен өзімді қазақ арқылы таныдым. Мұны үнемі мақтанышпен айтамын.

Жұқса маған асыл қасиет – тіл арқылы қазағымнан дарыған.

Бойымдағы қабілет – қасиетті туған елден дарыған.

Құдіретіне бас иіп, қазағыма табынам да,

Елімнің қашанда осындай ел болғанын сағынам, – деймін. Бұдан кеін тағы да:

Әрбір қазақ менің туған егізім,

Өйткені қазақ елі – иісі түріктің асыл негізі.

Менің елімнің асыл қасиетін ұққаным өзімді танығаным деп білемін.

– Бәрекелді, апа! Енді осы тәрбие қазақтың бойында мәңгілік сақталғай!

– Иә, қазақы қасиет ұрпақтан ұрпаққа жалғасып беріліп келеді. Қазақ сөзге тоқтаған, қазақ сөздің қадірін білген. Әйтпесе, Бұқар, Қашаған, Махамбеттер шықпас еді. Қазір біздің қазақ халқының сөзінен жаңалық жасап жатқан ештеңеміз жоқ, тек техникаға байланысты болмаса. Сол қазақтың байырғы сөзін тек жаңғыртуымыз керек. Бұрынғының көрген салтын, дәстүрін біз көріп жасаймыз. Салт-дәстүр – сан ғасырдың тәжірибесінен өткен жемістің сығылған нәрлі шырынындай байлық.

– Сұхбатыңызға рахмет!

Сұхбаттасқан:

Дәурен СЕЙІТЖАНҰЛЫ

Біз Конституцияны қалай құрметтеуіміз керек?
форум

Конституция-да ұлттық идея бар

Амангелді АЙТАЛЫ, қоғам қайраткері:

Конституция-да ұлттық идея бар

– Конституция – қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін басты құжатымыз. Сондықтан оны құрметтеу – әр азаматтың парызы. Бірақ мені ойландыратыны, біздің елімізде Конституция күні қарсаңында Конституцияны еске аламыз да, басқа кездері оны құрметтеу, Ата заңға жүгіну, қағидаларын бұлжытпай орындау деген ойларына келе бермейтін сияқты. Мен өзім ұстаз және депутат болғандықтан Конституция әрқашан жұмыс үстелімде тұрады. Біз әр ісімізді заңмен үйлестіріп отырдық.

Көптеген елдер оқу орындарында Конституцияны басты пәннің бірі етіп оқытады. Заңын сыйламайтын, білмейтін маман ертең еліне зиян келтіреді деп есептейді. «Конституциялық тәрбие» деген ұғым бар. Демократиялық қоғам құрып жатқан жас мемлекет үшін бұл – маңызды мәселе. Мысалы, 1945 жылы неміс фашизмі күйрегеннен кейін Германияда билік басына келген адамдар: «Біз фашизмнің тоталитарлық жүйесінен шықтық, біраз уақыт демократиялық тәрбиеден айрылып қалдық. Енді жаңа Германия құру үшін біздің азаматтар жаңа конститутция құрып, өткеннен арылу керек», – деген мақсат қойды. Тәуелсіздік алған соң халықты тоталитарлық санадан арылтты.

Еліміздегі келеңсіз жағдайлар Конституцияны білмегендік, сыйламағандықтан болады. Біздің Ата заңның Батыстық модельден алған дегеннің өзінде тамырын тереңнен қарауымыз керек. Белгілі шығыстанушы Левшин қазақ халқында ата заңның барлығын, оның қазақ қоғамының қалыптасуына тигізген әсерін, қоғамдағы билердің рөлін және адам құқығын сыйлау, адамдар арасындағы теңдікті таңданып жазды. Ресей отарлауы тоқтап, Кеңес үкіметі құлағаннан кейін сол қол үзіп қалған асылымызды есімізге түсірдік.

Конституцияның басты идеясы – адамның құқығын сыйлау. Конституция мен өмір арасында алшақтық бар. Бұл бізде ғана емес, барлық елдің конституциясы мен нақты тарихи жағдайы арасында алшақтық бар. АҚШ конституциясын қабылдағанда барлық адам құқығы бірдей деген. Бірақ нақты өмірде қара нәсілді мен ақ нәсілді тең болмаған. 18-ғасырдан бастап қара нәсілділер теңдік үшін күресті. 1976 жылдан бері менсінбей, дискриминацияға ұшыраған негрдің тұқымы 2008 жылы АҚШ-тың президенті болады деп кім ойлаған?! Шын мәнісінде, бұл – адамды сыйлау құқығынан туған көрініс.

Ол үшін біріншіден уақыт керек. Конституция бүгінгі күн мен болашаққа арналып жасалады. Сондықтан да әлгіндей алшақтық болады Екіншіден, конституцияны іске асыру – биліктің ғана емес, әр азаматтың шаруасы, оның саяси мәдениетіне байланысты. Жалпы біздің халықты құқық ойландырмайды. «Сізді не ойландырады?» деген сұраққа Астана қаласының тұрғынының көпшілігі бағаның өсуі, қаладағы көліктер, денсаулық мәселесі, күнделікті өмірдегі мәселелер ойландыратынын айтады. Қазір бізде азаматтық қоғам қалыптасқан жоқ, ол қалыптасса, әділетсіздікке қарсы тұрады. Бір ғана мысал, 2003 жылы АҚШ-тың сенаторы үлкен пікірталаста «негр» деген сөзді айтып қалады. Америка қоғамы үшін «негр» деген сөз қара нәсілді азаматтарды шеттету, кемсіту болады, әдеп жағынан да, тәртіп жағынан да болмайды. Ол сенатор сол бойда Конгреске арыз жазып, қателік жібергенін және сенаторлықтан кететінін айтады.

Бәрін айт та бірін айт, алдымен адамды тәрбиелеу керек. Ұлттық сананы ояту керек. Конституцияда ұлттық идея бар. Бірақ мен депутат ретінде, азамат ретінде бір ғана конституцияның бабымен келіспеймін. Ол – конституцияның 7-бабының 2-тармағы. Орыс тілін ресми тіл ретінде қазақ тілімен қатар қолдану деген қазақылануға үлкен кедергі.

Берекет КӘРІБАЕВ

Берекет КӘРІБАЕВ, тарих ғылымының докторы:

– Конституция – мемлекеттің, оның ішінде қоғамның тынысын, қатынасын реттейді. Мемлекет, қоғам әрдайым заңсыз болған емес. Сондықтан адам үшін маңызды заңның – Ата заңның қабылданған күні мереке.

Ешқашан бодан болмаған елдерде тарихи негізіндегі, ежелден келе жатқан ұлттық қағидаларын конституцияларында ескеру принципі бар. Мысалы, ағылшын, француз, қытайдың ондаған ғасыр бұрынғы әдет-ғұрып заңдары кейіннен саналы түрде мемлекеттік жұмыстардың негізін құраған. Содан барып Конституция жасады. Ал, біз сияқты елдерде мемлекет жас болғасын заңымыздан ұлттық нақыш таба қою қиын.

Дегенмен де қазақ даласында мемлекеттілік болғаннан бастап қарым-қатынасты реттейтін өз заңы, Ата заңы қалыптасқан. Бізге белгілісі, Алтын орда дәуіріндегі Шыңғысханның «Ясасы», Қазақ хандығы тұсындағы «Қасым ханның қасқа жолы», одан кейін Есім хан, Тәуке хан тұсындағы заң. Бәрі айналып келгенде қазақ халқының мемлекеттілігінің, заңының ғасырлар бойы даму үрдісін көрсетеді. Қасым ханның заңында «қанға қан» принципі болса, Тәукенің «Жеті жарғысында» «қанға құн» принципі қосылды. Қасақана өлтірмесе, құн төлейді. Яғни, өлген адамның әлеуметтік орнына байланысты құнын өтейді.

Біз мемлекеттіліктен қалай айрылдық, солай заңымыздан да айрылдық. Патшалық Ресейдің православиелік негізде құрылған заңы бізге енгізілді, кейін батыстан көшірілген Кеңес үкіметінің заңымен жүрдік. 1975 жылғы ҚазССР Конституциясы да батыстың негізінде алынған. Онда қазақ халқының тарихи негізіндегі қылмыстық заңы болсын, мемлекеттік басқаруында болсын бірде-бір қағидасы болмады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары – 1993 жылғы қабылданған заң осы сүрлеуге түсіп кетті. Ал, 1995 жылғы қазір біз өмір сүріп отырған заңның да негізі – батыстық үлгі.

Бүгінде заңгерлердің арасында қазіргі Қылмыстық кодекске  бұрынғы қазақтың заңындағы дәстүрлі баптарды енгізуді талқылап жүрген  бір топ бар. Абайсызда біреуді өлтіріп алса, оны пәленбай жылға түрмеге салудың қажеті қанша?! Одан да өлген адамның бала-шағасына, туысына құнын төлесін. Егер ол түрмеге түссе, 5-6 жылдан кейін түрмеден қылмыскер болып шықпай ма? Осындайды ескеретін мәселені біздің заңгерлер көтеріп жатыр. Мұның іс жүзіне қаншалықты айнала қоятыны белгісіз.

Болашақта адамдардың имандылығы артқанда қазақтың әдеп, әдет-ғұрып заңдары қазіргі Конституция-да көрініс берері анық.

Бақтыбай ШЕЛПЕКОВ

Бақтыбай ШЕЛПЕКОВ, Маңғыстау облыстық мәслихаттың хатшысы:

– Заңсыз мемлекет болмайды. Конституция – тірек заңымыз. Ал, осы заңның негізінде басқа заңдар салаланып, тармақталып шығады. Мемлекеттің бағыты, болашағы, тағдыры қабылданған Конституция қағидаларына байланысты. Осы себепті Ата заңды құрметтеу керек.

Соңғы кезде мемлекеттер өздерінің Конституция күні сияқты мерекелерде әскери күш-қуатын көрсетіп, паш етіп жатады. Мемлекет өзін-өзі қорғай алатынын көрсетеді. Бұл – жақсы құбылыс. Азаматтарымыздың отаншылдық сезімін күшейтеді. Ал, жастардың әскери борышын өтеуге, заңға ықыласы, құрметі артады.

Оқу орындарында, басқа да мекемелерде Конституция күнінің маңыздылығы туралы үнемі түсіндіріліп отыру керек. Қазақстан халқын біріктіретін, байланысын ретке салатын тұғыр – Ата заң.

Қазіргі таңда қоғамда конституциялық мәдениет қалыптасып келеді. Пенде болғасын заң бұзушылықтар болып тұрады, бірақ оны заңмен реттейтін институттар, органдар бар. Солардың жұмысын жетілдіру керек. Соның бір айғағы, жуырда Елбасымыз қабылдаған құқықтық бағыттағы реформа.

Досай КЕНЖЕТАЙ

Досай КЕНЖЕТАЙ,

философия және теология ғылымдарының докторы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми зерттеу институтының директоры:

– Адамзат қоғамы қағидасыз, тыйымсыз, заңсыз, нормасыз, ережесіз өмір сүрген емес. Ғасырлар бойы қалыптасқан мемлекеттілігіміздің негізі конституцияда жатыр. Конституция француз революциясынан кейін құқықтық мемлекет құру – республикалық негіздегі мемлекеттердің басты мәселесіне айналды. Оны қазір демократиялық шаралармен толықтырып, жалаулатып жатыр. «Тәртіпсіз ел болмайды» деп Бауыржан атамыз айтпақшы, біздің өмір сүруіміздің шеңбері, өлшемдері бар, оны біз мойындаймыз. Себебі, Алла барлығын өлшеммен жаратқан. Қазір ораза айы ғой «ләйлатул қадыр» дегендегі «қадыр» сөзі Алланың өлшемдері дегенді білдіреді. Өлшемдерімен түскені ішінде адамзат жүреді. Одан шығып кетсе, діннен, адамшылықтан шығады. Адамның температурасы 37 градустан асып кетсе де бас ауырып, дене ыстықтап маза-сызданады. Адамның мазасы, тынышы кетпес үшін, тұрақтылық болуы үшін осындай өлшемдер керек. Соның атауы, іске асуы Конституциялық негіздер деп атаймыз. Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің негізінде құқықтық іс-шаралардың бәрі қамтылған. Дей тұрғанмен, Конституция қай өркениет, мәдениеттен келген, біздің қоғамға жауап бере ала ма? деген мәселе бойынша айтар болсақ, Конституцияға көптеген өзгеріс енгізу керек деп ойлаймын. Неге? Конституциялық негіздегі мемлекет болғандықтан, бұл мемлекеттің негізгі құрушы мәдениеті, халқы, ұлты қазақ болғандықтан қазақтың сан ғасырдан бері келе жатқан моральдық, этикалық, экономикалық, құқықтық, адамгершілік, психологиялық нормаларының бәрі жауап беретіндей болуы қажет. Осы жағын қамтыса. Тек қана дінге қатысты бабының өзін алып қараңыз, қазақтардың, әсіресе, мәдениетін, осы қоғамның бақыты мен тұрақтылығын, ұйытқысын қамтамасыз ететін негіздер бар ма? Бар, бірақ жетпейді, кемдік етеді. Себебі, локальды және әлемдік фактор бар. Көбінесе, біз әлемдік, интернационалдық деңгейлермен кетіп қалғанбыз. Біз мемлекетті не үшін құрдық? Біз мемлекетті бүкіл әлемнің құндылықтарын қамтимыз деп құрған жоқпыз. Қазақ мемлекетін құрдық, заң қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Оның мәдениеті, өмір сүруі, дамуы, былайша айтқанда ұлт ретінде сақталу үшін құрғанбыз. Сондықтан біздің мемлекетіміз интернационалдық негізде құрылмауы керек. Әрине, біз Конституцияны құрметтеуіміз керек және өзіміздің мәдениетімізді қалыптастырған құндылықтардың орнын сол жерден таба білуіміз керек. Бұл өркниетті түрде дамумен келеді. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығынан кейін мұның бәрі орнына келеді деп ойлаймын. Қазір қазақ халқы 67 пайызды құрайды, қазақ Қазақстанда 90 пайыз болған кезде осы айтылған мәселелер өздігінен орнына келеді.

«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» - құқықтық нормалар. Ал, хатқа түсірілмеген тарихи санамыздағы, ұлттық болмысымыздағы нормалар бар, хатқа түспей-ақ, түсірмей-ақ іштей сезініп, табиғи жолмен келе береді. Себебі, мораль, кодекс деген түсініктің өзі қоғамдық негізде болғанмен оның ұстанымдары мен идеясы тікелей рухани әлеммен, құндылықтармен байланысты. Адамдар сол құндылықтарға махаббатпен, сеніммен қарайды. Сондықтан әрбір жарғыда – «Қасым ханның қасқа жолында» немесе «Есім ханның ескі жолында» біздің рухани негіздеріміздің желілері көрінеді. Мәдениеттің өзегі – дін. Қазір зайырлы қоғамда дін мен мемлекет бөлек деген қағида ұстанғанмен, қоғам діннен жырақ қалған емес, қалмайды да. Тек басқару үшін құрылған жүйе. Ал басқарудан басқа рухани әлеммен байланысты ұйымдастыру, тұрақтылық, ынтымақ, төзімділік, адамгершілік, моральдық құндылықтар мәселесін ескерусіз қалдыруға болмайды. Конституциямызда да осы мәселені кеңінен ашып, негіздеп көрсету демократиялық-құқықтық мемлекет жолындағы азаматтың борышы деп есептеуіміз керек.

Қожа Ахмет Ясауи айтқан төрт ұстаным бар: заман, мекен, бірлік және рабт-и-сұлтан. Осы төртеуіне қарасаңыз, біздің конституциямыз осы ұстанымдар негізінде қалыптасқанын байқайсыз. Қожа Ахмет Ясауи «ең бірінші адамзаттың бақытқа, кемелдікке жетуі үшін уақыт және кеңістік шарт» дейді. Ол – заман және мекен. Мекен деген – Отан, Отаныңда тыныштық, бейбіт заман болуы керек. Ал өмір сүріп отырған қоғамның арасында ынтымақ, бірлік, бауырмалдық болуы керек. Соны сақтауға ұмтылу керек. Төртінші – рабт-и-сұлтан, сол мемлекеттің басшысына, заңына мойынсұну. Осы төрт ұстаныммен қазақ мемлекеттілігі қалыптасқан. Бүгінгі Қазақстан да Қазақ хандығының заңды жалғасы.

Дәурен СЕЙІТЖАНҰЛЫ

Конституция: тәртіп пен тұрақтылық кепілі
30-тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

«Демократияның мәні-қоғамда  бәріміздің бір біріміздің жауапкершілігімізді сезінуде».

Генрих Манн

Біз, қазақстандықтар, Тәуелсіз Қазақстан-ымыздың Конституция күнін маңызды мерекелердің бірі деп есептейміз және жылдан-жылға Алаштың  осы атаулы күнінің маңызы артып келеді.

Қазақ КСР-інен өз мемлекеттілігін демократия қағидасында құрған егеменді,Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өткен соң, мүмкін болған саяси модернизация кезеңінде түбегейлі өзгерістер әкелетін тың бастамалар жасау сол уақытта әлемге мүлде белгісіз республиканың тағдырына  деген жауапкершілік жүгі Елбасының үлесіне түсті.

Бүгінгі күннің тұрғысынан безбендей келгенде, сол бір мемлекет тағдыры мен ұлт болашағы талқыға түскен сын сәтте жасалған батыл қадамдардың ақталғандығын және өз уақытында болғандығын атап өткен ләзім.

1993 жылы алғашқы Конституцияның қабылдануы бұған дейін қызмет еткен 1990 жылғы Конституциямен салыстырғанда, аса маңызды қадам болды. Тәжірибе көрсеткендей, бұрынғы Конституцияның бірқатар баптары мемлекеттік құрылыс эволюциясына, әлуметтік саланы,экономикалық реформалар мен саяси қатынастарды модернизациялауға құқықтық тұрғыдан кедергі жасап келген болатын.

Елбасы Конституцияның барлық ережелері қазақстандықтардың болмысына, қазақ халқының дәстүрлері мен болашағына сәйкес келіп, онда өзіндік қазақстандық қолтаңбасы болуы үшін жаңа мәтінді әзірлеу барысында Президент жұмыс тобы мүшелерінің алдына өзге Конституцияларды көшірмеуді, керісінше, басқа елдердің тәжірибесін талдау негізінде еліміздің қажеттіліктеріне барынша жауап беретін Негізгі заң жобасын дайындау міндетін қойды. Елбасы: «Біз ең бастысы, мынаны түсінуіміз қажет: сан қырлы әлуметтік-мәдени, ұлттық және басқа ерекшеліктері, әртүрлі құқықтық жүйелері бар түрлі даму сатысындағы мемлекеттерде Конституциялар басты міндеттер-тұрақтылықты нығайтуға, халықтың әл- ауқатын көтеруге ықпал жасап, демократияның дамуының басты міндеттерін шешті», – деп атап өтті.

Президенттік институттың қалыптасуы мен нығаюына және оның қазақстандық моделіне Қазақстан Республикасы Конституциясына 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтырулар оң ықпал етті.

Әлемдік тарихтан ел басына қиын жағдай туғанда мемлекет басшылығының тізгіні бар адамның қолында болған жағдайларды еске түсіруге тура келеді. XX ғасырдың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдарының басындағы бүкіләлемдік эконо-микалық дағдарыстан есеңгіреген АҚШ-ты үлкен апаттан алып қалған Франклин Рузвельтті үшінші мерзімге ғана емес, төртінші мерзімге де (Конституция бойынша 2 мерзім болса да) АҚШ халқы сайлады. 50-жылдардың соңында Алжир мәелесіне байланысты елде азамат соғысы тұтанып кету қаупі туғанда Францияда жаңа конституция қабылданып, күшті президенттік басқару нысаны дүниеге келді. Осы конституция негізінде өткен 1958 жылғы 21 желтоқсандағы сайлауда генерал Шарль де Голль республика президенті болып сайланды. 1965 жылы екінші рет 7 жылдық мерзімге қайта сайланды. Ол билік жүргізген кезде парламенттің билігі шектелді, президентке қосымша өкілеттіктер берілді. Голльдің тұсында Франция атом қаруын жасап, ядролық державаға айналды.

Парламенттік басқарудан президенттік басқаруға көшкен Францияның саяси тарихынан мынандай деректерді де келтіре кеткен артық болмайды. 1875 жылғы конституция бойынша Франция парламенттік республика болып жарияланып, 1975 жылдан 1914 жылға дейін 48 рет үкімет билігі ауысты XX ғасырдың 30-жылдарындағы бүкіләлемдік эканомикалық дағдарыс пен Еуропада фашизмнің күшеюі кезіндегі саяси дағдарыстан да Франциядағы үкімет билігі тұрақтамады. Осы кездегі үкіметтің билік басына келуінің орташа ұзақтығы алты айдан аспады. 1946 жылғы  қабылданған конституция бойынша да Франция парламенттік республика болып қала берді. Бұл кезде саяси жағдай тұрақты бола алмады. Мұның  басты дәлелі 1946 жылдан 1958 жылға дейін 25 рет кабинеттің өзгеруі болып табылады. Осындай жағдайда Франция президенттік басқару жүйесін таңдады.

1995 жылы қабылданған Конституциямыз бойынша күшті Президенттік басқару фомасын алға қойдық. Тоталитаризмнен демократияға аяқ басқан өтпелі кезеңде орталықтанған  билік қажет болды және ол өз кезегінде аса жауапты міндетті табысты орындады деп есептеймін. Конституцияға сәйкес, күшті Президенттік биліктің арқасында ұлтаралық қатынаста бірлік пен татулықтың берік негізі қаланды, елде тәртіп орнады. Соның негізінде экономиканың дамуына алғышарттар жасалды, сыртқы және ішкі саясатта өзгелер қызығарлықтай  табыстарға қол жеткіздік. Демократиялық процестер бұнымен тоқтамаса керек, одан әрі жалғасуы тиіс. Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру үшін алдымен саяси жүйені де бәсекеге қабілетті боларлықтай жаңғырту міндеті қойылып отыр. Барлық сала үшін басты критерий болған бәсекеге қабілеттілік осы саяси жүйеге де тікелей қатысты. Әкімшілік реформалар арқылы кәсіби Үкімет және Парламент қалыптастырмай саяси жүйені жаңғырту мүмкін емес еді.  Қазақстан қоғамы жаңа шындықтармен бетпе-бет келді, саяси жүйені ырықтандырудың қолайлы және қажетті жағдайлары пісіп-жетілді. Атқарушы биліктің ықпалынан тыс  тәуелсіз сот жүйесін қайта құру міндеті тұрды. Конституцияның  негізінде биліктің тармағы арасында теңгермелік және тежемелік механизмдер бекітілгенімен, бұл тетік шын мәнінде қоғамдық өмірде жұмыс істеуге дәрменсіз болып шықты. Сондықтан да президенттің соңғы үш жылдан бері халыққа арнаған Жолдауында жиі қолданылған «жеделдету» термині кезекті саяси мәнге ие болып отыр. Қолға алынған сая-си және әкімшілік реформалар осы кезге дейінгі қол жеткізген ұлтаралық татулық үрдісін бұзып алмауы керек. Конституциялық өзгерістер Парламентке зор жауапкершілік жүктейді. Атап айтқанда, орталық сайлау комиссиясын, Конституциялық кеңес, Есеп комитетінің құрамын анықтауды Президентке беру тиімді болды. Парламент құзырын арттыру күшті президенттік билікке әсер етпейді керісінше демократиялық процестер барысында нығая түседі.Бізге парламенттік республиканың қажеті жоқ. Демократия одан әрі тереңдеуі үшін бізге президенттік-парламенттік, яғни аралас түрдегі басқару жүйесі тиімді  болғанын өмір көрсетіп берді.

Конституцияға өзге-рістер жасау туралы Президенттің айтқан ұсыныстарының көбісі тәуелсіздік алған жылдардағы Ата Заңға сәйкес келеді. Мемлекеттің қалыптасу кезеңінде көптеген экономикалық, геосаяси ахуалға қатысты елді шынында да жұмылдыру қажет болды. Мұндай дәстүр бүкіләлемдік тәжірибеде бар. Демократияның өзгерістердің алдында әрқашан авторитарлық жүйе болуы қажет. Ол – заңды. Ал коммунистік немесе дәстүрлі қоғамнан тікелей демократиялық процестерге көшу өте қауіпті. Мысалы, Азия-Африка елдерінде бірден демократиялық жүйе орнатқанда қоғамда бірден азаматтық соғыс басталып кетті.Тұрақсыздық пайда болды. Бұл – қоғам дамуының заңдылығы. Еуропа елдері осы жолдан өтті. Алғашқы жылдары Қазақстан үшін геосаяси жағдай өте қиын болды. Сондықтан барлық билікті  өз қолына шоғырландырған президентік билік жүйесі бүгін өз-өзін ақтады деп толық қорытынды жасауға болады. Бұл экономикалық реформаны алға жылжытуға және халықты қоғамдағы әртүрлі қатынастардан сақтап қалды.

Халық «демократтардың» терминологиясымен сөйлемейді.Сайлауда үйіп-төгіп уәде беретін болашақ әкім мен депутаттан гөрі, өз отбасы тұрмысының жақсаратын нақты жолдарын іздейді. Бүгін елімізде ерікті адам деп басында үйі, қолында жұмысы бар адамды айтады. Баласын тегін оқыту, тегін медициналық жәрдем алу басты әлеуметтік құндылықтарға айналды.

Қазақстан ғана емес, барлық постсоциалистік елдер үшін әлеуметтік демократия – ең көкейкесті мәселе болып тұр. Себебі, әлеуметтік мәселелер шешілмеген тұста демократияны айтып даурығу халықты жеке бір саяси мақсатқа пайдалану, қадірлемеу болып табылады.

Айталық, АҚШ-та тіпті сонау Джордж Вашингтон заманынан бері қаншама саяси партиялар өмірге келіп, мемлекеттің дамуына, өркениет көшін бастауына өз үлестерін қосты. Қазіргі кезде де оларда билік үшін күресуші екі ғана емес, бірнеше партия бар. Сөйте тұра, мейлі олар билік үшін бір-бірімен қырқысып немесе президент пен оның командасын аяусыз сынап-сыбап жатса да,  мемлекет оның қай-қайсысын да қамқорлықтан тыс қалдырмайды. Ол былай тұрсын, тіпті оппозициялық партиялардың әлсірей бастағанын байқаса, қолтықтарынан демеп қоюды да ұмытпайды. Себебі, жоғарыда айтқанымыздай, қалай бұлтақтап, бұра тартса да, түптеп келгенде, олардың мақсат-мүддесі бір-елдің қамы мен қарекеті, сол тұрғыдан қазаны да ортақ.

Немесе өзімізбен түбі бір түрік халқының көсемі Ататүріктің бұдан 80 жыл бұрын елдегі саяси  партиялардың бәрінің де серкелерін шақырып алып, бәріне бірдей мүмкіндік жасағанын, яғни Түркиядағы сол кездегі бүкіл сауықтыру орындары-санаторийлері мен демалыс үйлерін партиялармен кәсіподақтарға қылдай бөліп бергенін бүгінде екінің бірі біле де бермес. Сонда мұның бәрі не үшін десеңіз, сауықтыру мекемелерінің барлық материалдық және қаржылық мүмкіндіктерімен саяси партияның  пәрменділігін арттыруға жағдай жасау арқылы елді сауықтыру, дамудың даңғылына түсуіне жол ашу. Бұл – кемеңгерлік қамқорлықтың мақсаты да, міне, осында жатыр.

Елбасы Конституцияның барлық ережелері қазақстандықтардың болмысына, қазақ халқының дәстүрлері мен болашағына сәйкес келіп, онда өзіндік қазақстандық қолтаңбасы болуы үшін жаңа мәтінді әзірлеу барысында Президент жұмыс тобы мүшелерінің алдына өзге Конституцияларды көшірмеуді, керісінше, басқа елдердің тәжірибесін талдау негізінде еліміздің қажеттіліктеріне барынша жауап беретін Негізгі заң жобасын дайындау міндетін қойды.

Азат ҮСЕН

Той туралы ой
2010 жыл – Бекет Атаның 260 жылдығы

2010 жыл – Бекет Атаның 260 жылдығы

Биыл – әулие, рухани ұстаз Пір Бекет Атаның 260 жылдығы. Осыған орай Маңғыстау облысында қыркүйек айының ортасында Бекет атаның 260 жылдығын кең көлемде атап өтуге дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Өткен аптада Ақтауда облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың басшылығымен Бекет атаның 260 жыл толу торқалы тойын атап өту мақсатында жасалып жатқан дайындықты пысықтау үшін жиналыс өтті. Онда мерейтойды ұйымдастыру комитетінің төрағасы Жауынбай Қараев атқарылып жатқан іс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпарат берді.

Бүгінде «Шопан ата», «Бекет ата» кешендерінде қайта қалпына келтіру, жөндеу, абаттандыру жұмыстарын жүргізу, «Қызылсай – Шопан ата – Оғыланды» қатқыл табан жолын салу, «Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Бабалар мұрасы» павильонын ашу, облыс бойынша қайырымдылық акцияларын, тазалық, абаттандыру шараларын өткізіледі. Бұл жұмыстардың бәрі тойға дейін аяқталады.

Сирек кездесетін тарихи жәдігерлер, кітаптар, көркем және фотосуреттер көрмесін ұйымдастыру, тарихи-танымдық жырлар жырланатын жыршылар кешін өткізу, мәдени-спорттық шаралар жүзеге асырылады.

«Өзбекстанның діни мұрағаттарынан Пір-Бекет туралы тың деректерді іздестіріп, мәліметтер табу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзбек ғалымы Қ.Құдайбергенов Бекет ата жөнінде мағлұмат беретін «Хилвати Суфиха» кітабының орыс және араб тіліндегі нұсқаларын тарту етті. Осылай Бекет ата туралы айтылғандар мен жинақталғандарды қайтадан тағы қайтара бір толықтырып, тіпті бұрын беймағлұм болып келе жатқан дәйектерді жарыққа шығару жоспарда тұр», – дейді Жауынбай Қараев.

Жауынбай Амантұрлыұлының айтуынша, түрлі ірі істің басы-қасында жүрген қалталы азаматтар да өз тараптарынан асты өткізуге қолдау көрсетіп, атсалысып жатыр.

Байқасаңыз, еліміз бойынша Бекет атаның 260 жылдық құрметіне арналып отырған шаралар мен жиындар аз болмайтын сияқты. Бұл өте қуанышты. Алайда, «қазақ ет жеп, ән айту үшін жиналмайды» дегендей, той қамындағы шаруашылық жұмыстар руханиятқа шөліркеп отырған халықтың сұранысына жауап беруін де қолға алу керектігін көрсетеді. Оны облыс әкімі алдын ала ескерткен. Қырымбек Көшербаев 11-тамызда Мұнайлы ауданына барған сапарында:

«Тойдың мақсаты – Тай сойдырып, ат жарыстырып, ет жедік деген мәселе үшін емес, Бекет Атаның дүниежүзіндегі, оның ішіндегі ислам әлеміндегі, Еуразиядағы рухани рөлін дәлелдеп, насихаттау. Қазіргі таңда көптеген жат діни ағымдар: салафиттер, «Хизб-ут тахрир», нақышпанд дегендер көбейіп кетті. Біз Бекет Ата жүрген жолмен жүруіміз керек. Осы күні мешітке кіріп келсең, төрт бұрышында төрт түрлі «мұсылман» тұрады. Елдің ынтымағы мен бірлігін қамтамасыз ету үшін бізге рухани бірлік өте қажет. Тәуелсіздікті баянды жасау үшін ең қажеті рухани бірлік. Ол – тілің, ділің, дінің. Осы мақсатта өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін Бекет Атаның тойын тойлауға шешім қабылдадық», – деп қадап айтты.

Облыс әкімі айтқан Бекет атаның жүрген жолы, қасиетті даламызда мәңгілік тыныс тапқан 362 әулиені шығарған қандай рухани ілім, қандай діни ғылым? Біз осыны тезірек саралап, ой елегінен өткізіп, ұрпаққа ұсынуымыз қажет деген ой туады облыс әкімінің сөздерінен кейін. Намаз оқығанына бес күн бола салып, шолтаңдап тұтас әдет-салт, ғұрпымызды теріске шығарып, «ширк» деп жүргендер қазақтың мәңгі жанашыры, осынша даланы бір тілде, бір дінде сақтаған әулиелердің жолында ма, әлде ұрпағымызды сол баһадүр бабаларымызға жалғайтын тамырдан қиып отырған жат пиғылды балташылардың қолшоқпары болып отыр ма? Осы мәселе той үстінде ашық, анық айтылуы қажет деген халықтың тілегі бар.

Өмірзақ Озғанбаев, Маңғыстау облысы әкімі жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Қазір біз рухани ілімге шөлдеп отырмыз. Тәуелсіз елдің жастарын рухани тәрбиелеу үшін Бекет Ата сынды ұлттық деңгейдегі ұлы тұлға қажет. Бүкіл қазақ қоғамын біріктіретін үлкен шара – Атаның 260 жылдығы. Осы уақытқа дейін Бекет атаға қатысты шаралар тек республикалық, аймақтық деңгейде өтіп келсе, биыл рухани тұлғаны дүниежүзіне насихаттауға, таныстыруға мүмкіндік туып отыр. Бабаның рухани ілімі әлемге шуақ болып шашырайын деп тұр. Бұл 260 жылдықпен шектеліп қалатын шара емес. Бабалар: «қашқаны да Бекет, қуғаны да Бекет» деп әр заман одан пана тілейді. Қиналсақ, жабықсақ, тарықсақ та Атаның атын атап, шапағат, демеу күтіп жатамыз. Әрдайым халқымен бірге болатын рухани тұлғамыз. Қазіргі таңда исламға жат түрлі ағымдар жерімізде бар. Ал біз соған қарсы Бекет Ата жүрген жолды ұсынуымыз керек. Біз сопылық, тазалық жолмен тәрбиеленген адамбыз. Ата-бабаларымыз осы жолмен жүрген. Бұл – Мұхаммед с.ғ.с. пайғамбардың, оның шәкірті Қожа Ахмет Ясауидің, оның шәкіртінің шәкірті Пір Бекеттің жолы. «Мединәда – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет» деген асыл сөз – біздің тірегіміз, алтын шынжырымыз адаспайтын.

Заманымыздың заңғар жазушысы Әбіш Кекілбаевтың түсінігінде ұлы Баба «Әлсізге – Медет, Күштіге – Айбар, Зарыққанға – Жебеу, Тарыққанға – Демеу, Асқанға – Тосқан, Сасқанға – Сая, Ұрпаққа – Ұстаз, Ұлысқа – Ұран, Ел Иесі, Жер Киесі» деп еді.

Жауынбай Қараев, «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, «Бекет ата» 260 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру комитетінің төрағасы:

– Бекет ата қандай жағдайда өмір сүрді, замандастары, ұстазы кім болды? деген сұрақтардың жа-уабын алу керек. Осы мәселені зерттеп, тауып жатырмыз. 7 жыл оқыған Самарқан, Бұқарадағы, Хиуадағы медреселердің оқу жоспарын алдырдық. Медресе оқып жүрген кезінде-ақ Бекет Ата адамның ақылына сыймайтын түрлі кереметтер жасайтын болған. Сонда Атамыз теологиямен қатар медицина, математика, астрономия, география сияқты жаратылыстану ғылымдарының бәрін оқыған. Тілдің де бірнешеуін меңгерген. Сопылықтың, әулиеліктің үлкен деңгейіне жеткен. Бекеттану ілімі қалыптасып, жалғасын табады. 260 жылдық шарасы аясында әлемнің түкпір-түкпірнен және отандық ғалымдар, зерттеушілер келіп, рухани тұлға жайлы еңбектерін әкеледі. Ал, тәрбиелік жағына келсек, Бекет Атаға баратын жолды «Имандылық жолы» деп атайын деп отырмыз. Атаға зияратқа баратындар әдеппен, тәртіптеліп барады. Атаның өзі ептеп халқын тәртіпке салып, тәрбиелеп келе жатыр. Бекет ата туралы әңгімелерді жастарға, ұрпаққа жеткізіп, тәрбиелеуге тиіспіз!

Дәурен СЕЙІТЖАНҰЛЫ,

Ақтау

Екеуі де бір Міржақып болып жүрмесін…
аңыз адам

РЕДАКЦИЯДАН:

2007 жылы Мұңғұлия жеріндегі Бай Өлкеде (Баян Өлгий) танымал дінтанушы Нарынбай Разбекқажыұлы, айтулы ақын Светқали Нұржан, ғалым Саят Ыбырай, фольклортанушы ғалым Болат Қорғанбек ағаларымызбен бірге сол жердің жергілікті қазағы, ақын Сұраған Рахметұлының үйіне қонаққа бардық. Қазақтың арғы-бергі тарихы, шежірелі әңгімелері арасында бір қызық хикая баян етілді. Сұраған ақын алаштың арысы Міржақып Дулатұлына өте қатты ұқсас, бір құпия адам 60-шы жылдарға дейін Өлгей аймағында өмір сүрді деген әңгімені айтты. Оның жүріс-тұрысын, Міржақыпқа қатты ұқсайтын бірнеше ерек-шелігін салыстыра отырып жеткізді. Дәл осы кезде менің есіме Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданы Қарабұлақ ауылындағы І.Жансүгіров атындағы орта мектептің ұстазы, зерттеуші Медет Дүтбаеваның дәл осы оқиғамен өте ұқсас мақаланы көрсеткені есіме түсті. Ол 1998 жыл еді. Яғни, біраз уақыттан бері бұл тақырып әр жерде аракідік айтылып келе жатқанымен жалпы елге кеңінен тарала қойған жоқ. Мұңғұлия сапарынан кейін Қарабұлақ ауылындағы Медет апайға арнайы барып, аталған мақаланы сұрадым. Ол кісі жеке архивінен авторы анық, сілтемесі белгісіз «Екеуі де бір Міржақып болып жүрмесін…» деген аудандық, әлде облыстық бір газетке шыққан мақаланы алып шықты. Жазған адам Мұңғұлиядан 90-шы жылдары оралған қазақ Күпән Зәйітқызы деген кісі. Ол Үржар ауданының Лайбұлақ ауылында ұстаздық етеді екен. Мен мақаланы көшіріп алдым. Әлі де бұл сөздің түбін іздеп көрермін немесе зерттеушілердің назарына ұсынармын деген ой болды. Тың дәлелдер келтіріп, ұқсата алмағаныммен, көшірілген мақаланы енді зерттеушілердің қолына түсер деген үмітпен жариялағанды жөн көріп отырмыз. «Жалпы, бұл әңгіменің жаны бар», – дейді Светқали Нұржан ағамыз. Өйткені, Міржақып Дулатұлы Карелияда түрмеде жатқанында оған Солтүстік Мұзды мұхиты арқылы Мұстафа Шоқай келіп, алып кетпек болған. Бірақ, «мен мұндағы бауырларыма керекпін» деп, Міржақып ұсыныстан бас тартқан деген әңгіме бар. Тағы бір айтушылардың сөзіне қарағанда Міржақып атамыз сол кезде түрмеде қиындық шегіп жатқан түркі-қазақ бауырлары үшін орыс-түрік (қазақ) сөздігін жазып, құрастырып жатқан, сол үшін бас тартқан. Осы жолы екі арыс үш күн қатарынан жолығып, әңгімелескен деседі…

Міржақып Алтайда болуы мүмкін деген сөзге жан бітіретін тағы бір дәлел – алаш арыстарының бірі Райымжан Мәрсековтың Мұңғұлиядағы қазақтарға қашып баруы. Оны ол жерден қытай әскері ұстап әкеткені туралы тарихи деректер бар. Құрметті оқырман, бұл тек, әңгіменің басы болсын, зерттеймін деген адамның құлағы түрік жүрсін деген ниетпен жұмбақ ғұмыр туралы мақаланы назарыңызға ұсынып отырмыз.

Міндетті түрде оқып көріңіз.

Алмас ҚУАНБАЙ

1997 жыл – қазақ тарихында жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы ретінде, ақиқат пен ынтымақты ту еткен игі бастамалардың ұйытқысы болып тарих парағында қалды.

Қазақ халқының басынан не өтпеді? Жаугершілік қырғын да, ақтабан шұбырынды да, аштық та, жазықсыз қуғын-сүргін де болды.

1930 жылдардан басталған «ұлтшылдық», «халық жауы» деген айдар Қазақстанда тұрған қазақтарды жалмап қана қоймай, шет елде тұратын ат төбеліндей аз қазақтарға да келіп жеткен еді. Осындай қиын-қыстау кезеңдерін-де де талай боздақтар ел-жұртымен қош айтысып, басқа бір ортадан еркіндік іздеді. Бұған бір дәлел – 1927-28 жылдары Монғолияда қазақтың басын қосып, «Шығыс Түркістан» мемлекетін орнату үшін Дәлелхан Сүгірбайұлы Алтай жаққа өткен. Мұның артынан кетпек болғандарға «қанды қырғын» туып еді.

Фотошежіре: Алаштың үш арысы (солдан оңға): Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатұлы.

1936-37 жыл Монғолияда да «Халық жауын құрту» жылы болып, мәңгі тарих бетінде қалды. Сол желеумен оқыған зиялы қауым, орта шаруалар да қатты жапа шекті.

Халық аузындағысын үріп ішетін уақытқа кезікті. Баласы әкесіне, әкесі баласына сенбейтін уақыт жетті. Лек-легімен жабық машинаға тиелген жазықсыз жандар еріксіз қапыда кете барды. Олар қайтып оралмады. Солардың бірі 1936-37 жылдардың аяғында Қобда бетіне өткен Қарабай еді. Бұл адам басына бостандық іздеп жүріп, нағыз дүрбелең басталып жатқан кезге тап болды.

Қарабай – Губайдулла деген татармен бірге өткен. Енді осы Қарекеңмен дәмдес болған, оны көре қалғандардың естелік, әңгімелеріне зер салайық. Қарекең көбінесе өзімен-өзі жүретін, ешкімге шешіліп, ашылып-шашылып сыр айтпайтын, шымыр денелі, қара сақалды, қарасұр, ат жақты адам болған. Өзімен бірге қоржынын, асатаяғын көтеріп жүреді екен. Бұл қоржында көптеген қолжазбалар, кітаптар, киім-кешегі, ыдысы болған. Қарекең ел аралап, өзінің көңілі түскен үйге қонып, түстенетін. Сол үйдің адамдарымен әбден сыралғы болған соң барып әңгімені бастайтын-ды. Сонда өзінің қуғын-сүргінде көп болғанын, басынан кешкендерін айтып, бір серпіліп қалатын-ды.

Қарекең енді бірде Сібірде болғанын, Ертіс өзенінен өткендігін әңгімелейді. Ол кісі суда жүзгіш болған. Бұл туралы ел арасында әртүрлі аңыз әңгімелер бар. Мысалы, көргендердің кейбіреулері Қарекең Қобда өзенін жүзіп өтіпті, жаяу жүргенде аттыға жеткізбейтін жүйрік еді деседі. Бір ғажабы – Қарекең көп ұйықтамайды екен. Түнімен әлдебір нелерді күбірлеп айтып шығады да, таңертең ерте тұрп: «Оян, қазақ! Оян, қазақ!» – деп зікір салады екен.

Бұл кезде аталар мен әжелер «Бисмиллә, бисмиллә!» – деп іштей күбірлеп құптайтын-ды. Қарекең көбінесе басқа беттен ауып келгендерді туыс тартып, тарихын сұрап, өз тағдырымен салыстырып отырса керек. Ол Алтай бетінен 1940 жылдар шамасында келген. Өрісбайұлы Әбікейдің қолында болып, оны туған інісіндей көріп, қайтыс болғанда сол шаңырақтан шыққан екен.

Жаз айларында ел аралап, жайлауға Бай-өлкенің батыс бөлігіндегі Ақсу, Ойғыр, Цәнгел өлкелеріндегі адамдармен бірге болатын. Мұның себебі, бұл өлкелер Ертіс өзеніне және Шығыс Қазақстанға шекаралас болғандықтан, өзінің сол өлкеге өткен жерлері іспетті. Қарекеңнің Монғолия Керейлерінен айырмашылығы көп болған. Елдің байырғы тұрғыны Таубалды қызы Төлеуханның әңгімесінде: «Жақаң – (Қарабай) келе жатқанда шешем «Жақаң келе жатыр, шай қойыңдар. Ол кісі өзі бөлек шәугіммен ішеді», –деп бізді әлекке салатын. Жақаң келген соң өз жүгінен шәугімін шығарып, қантпен шай ішетін». Мұндағы ерекшелік: Монғолия қазақтары шайды тұзбен ішеді. Ал Қарекең тұзсыз ішеді», – деген ойлар жиі кезігетін.

Қарекеңді тұрғын халықтар «Әулие» деп те атайды екен. Себебі, ол қандай бір аурулардың емін айтып, сырқатын емдеуге себепкер болатын және тарихқа өте мықты адам болған деседі. Ол табиғаттың тылсым сырын да жақсы меңгере біліп, алдын-ала болжап, біліп, айтып отырған. Қарекеңнің екінші ерекшелігі киім-киісі, жүріс-тұрысы Керейлерден өзгеше еді. Ол кісі ұзын шапанды желбегей сап, ішінен үнемі ақ көйлек киетін. Монғолия керейлері шапанды әрқашан белдікпен киетін-ді. Шашын қайыра қойып, басынан тақия тастамапты. Бұл кездегі 50-60 жастағы Керейлер көбінесе шаш қоймайтын-ды. Бастарына сәлде, шыт орайтын. Кейіннен Қарекең де басы қасқаланған соң шыт байлайтынды шығарған.  «Қарекең – дейді Төлеухан апай сөзінде, – қыз балаларды өте жақсы көріп, сыйлайтын. Қыз балалы үйге барса, батасын беріп қуантатын. Ол кісі көбіне кедей балалармен ойнауды ұнататын».

– Төлеухан апайдан: «Сіз Қарекеңді неге «Жақан?» – деп атайсыз дегенімде, «Шешем Қарекеңді «қайынаға» дейді екен. Керейлерде үлкен-кішінің атын атамау, келінге тән қасиет. Сонда Қарекең: «Қайшекесі, мені туғандарым Жақан деуші еді, сол атымды сағынамын, Жақан деп атай бер. Атым өшпесін», – деген екен. Содан бастап сол ауыл оны «Қарабай» емес «Жақан» деп атап кеткен.

Сол кездегі «Қызыл қайың» ауылы керейлердің ішіндегі «Төлек» руы мекендеген жер. Олар өте бауырмал болғандықтан шеттен келгендер сол руға сіңісіп, біте қайнап кеткендері де баршылық. Бірақ Жақаң керейлерге ру жағынан көп сіңіспеген. Ол арғын, наймандарды «бір уыс сүйегім» деп жан тартқан. Жоғарыда айтқан Әбікей ағамыз найманның Төртуылы екен. Ол да кезінде жалғыздықтың азабын көп тартқан пысық азамат болса керек. Әбікей ағаның жиені Сұрағанұлы Көбей: «Қарекең әкем марқұммен үнемі әңгімелесетін. Анамды «қарындасым», – деп қоржынын біздің үйге ғана сеніп тастаушы еді.

Бірақ түнде жатарында үнемі бас жағына қойып алатын. Бұл ешбір адамға сенбейтіндігі шығар. Сонан соң өте таза, жинақы жүретін», – дейді. Санай ауылының тұрғыны Мұстафаұлы Секей ата әңгімесінде: «Қарекең монғолша бір ауыз сөз білмейді. Бірақ монғолдың ел-жер тарихын айтқанда алдына жан салмаушы еді», – деген сөздер жиі айтылатын.

Менің осынау материалды жазуыма себепкер болған жағдай, жасымнан маған Қарекең туралы әңгімелер қиял-ғажайып дүние сияқты көрінді. Бұл адамның неге туысы жоқ, неге жалғыздық өмірді таңдады, неге өмір тарихы құпия болды? Ел арасында неге «тәуіп», «әулие», «диуана» атанады? Осы сұрақтарға өзімше жауап іздедім. Сонымен Қарекең 1960 жылдары Әбікейдің үйінде дүниеден өткен. Дүниеден өтер алдында Әбікей бауырына айтқан арызы: «Мені қаланың шығыс жағындағы тауға жалғыз жерле (Ауылдың зираттары қаланың оңтүстігінде болған). Сонсоң аты-жөнімді «Міржақып» дерсің деген екен. Бауыры айтқанын орындады. Бірнеше жылдан соң, ол Әбікей бауырын да қасына алды. Қазір Әбікей марқұмның туыс-туғандары мен Міржақып ағамыз бір үлкен зират болып жатыр. Жоғарыдағы ел аузындағы және куәгерлердің сөзіне сүйене отырып мынандай пікірдемін. Апам Нұрғайша (ел бұл апамды Қайшеке деп атаған): «Атым өшпесін, Жақан», – деп ата дегені «Бесарыстағы» Ботагөз апаның естелігіндегі Міржақып Дулатұлы жайлы жазған «Жақанға» сәйкес келеді. Осы естеліктегі «Жақанға» тән барлық қасиет ер біздің «Жақанға» да тән сияқты. Ағасы Асқардың айтуында ел аралап, еркін жүруді тәуір көретін, тұрғын халықтың өмірімен танысатын. Жазумен айналысатын. Бірақ жазғандарын жасырын, құпия сақтайтын, балаларды жинап алып, әртүрлі ойындармен қызықтыратын дегендері қызы Гүлнардың естеліктерінде де бар. Бұл біздің Жақаңа ұқсас қасиеттер сияқты.

Секей атаның естелігіндегі тарихқа мықты, тарихшы адам еді дегені-«Әлем – 1» басылымындағы Міржақыптың «Қазақ, қырғыздың аты, тегі туралы», «Қазақтың үш жүзге бөлінуі һәм Алаш атануы» сияқты шығармалары тарихшы екендігін паш етеді. Бұл шығармасында автор монғол туралы көптеген зерттеулер жүргізген.

Екі Жақанның да Міржақыпқа ұқсастығы осындай. Ал айырма-шылығына келсек, ақын-революционер, публицист, ұстаз, тарихшы, драматург, сыншы, аудармашы, дарынды ақын Міржақып Дулатұлы 1935 жылы Карель АССР, Беломорск ауданының Сосновец станциясында қапас өмірде дүниеден өтсе, екінші Жақан (Қарекең) 1960 жылдары Монғолияның Бай-өлке аймағында 70-тен асқан шағында жарық дүниемен қош айтысқан. Бір ғажабы екеуінің де жас шамалары, өмірі бірдей. Ал, «Бесарыстағы» Гүлнардың естелік-фотоларындағы «Шайханада» деген фотосына «сақал» салып көрсеткенде, Қарекеңді көргендер бірден таныды. Мұнда «Жақан» ортада. Сонан соң әңгіменің басында Губайдулла деген татармен бірге келгендігін айтқанбыз. Бұл екеуі жұбын жазбай үнемі бірге жүреді екен. Ел іргесі тыныштала бастаған соң, Губайдулла бір жылдары жоғалып кеткен. Мүмкін Губайдулланың да есімі жалған болған шығар. Мұны ары қарай ешкім тексермеген. Кейде өзінен үлкендер Қарекеңді «Жақып» деп те атайды екен.

«Оян, қазақ!» – деп таңертең айғайлауын жергілікті халық оны ерте тұрып, оятуы деп ұғынған.

Міржақып Дулатұлының 1909 жылғы алғашқы шығармасы «Оян, қазақ!» екендігі тарихта мәлім. Неде болса осы екі Жақанның арасында құпия сыр, байланыс бар сияқты. «Міржақып» есімі қазақта өте сирек есім. Меніңше, қазақта бір ғана «Міржақып» болғанға ұқсайды. Ол – ұлы жазушы Міржақып Дулатұлы. Бұл тарихта қайталанбас есім. Сондықтан Қарабай – Жақанды әлі де тереңірек зерттесе, мүмкін өшкенімізді қайта жандырар ма едік!

Күпән ЗӘЙІТҚЫЗЫ

ШҚО, Үржар ауданы

Пір Бекеттің мешіті табылды!
Пір Атаның мешіт-медресесі Мұғалжар (Мұңалжары – Ред.)

Ақтөбе өңірі өзінің табиғи байлығымен қатар мәдени мұра, тарихи ескерткіштер, ауыз-жазба, әдеби-аңыз әңгімелер, құнды дастандарымен, батырлармен, сондай-ақ діни көзғарастағы көрнекті тұлғалармен де ерекшеленеді.

Соның бірі — аты аңызға айналған Пір Бекет Атаның жетінші мешітінің (шын мәнінде бірінші мешіті – Ред.) орны. Көптеген құнды жазбалармен, тарихи деректермен болған байыптарда Пір Атаның мешіт-медресесі Мұғалжар (Мұңалжары – Ред.) тауының қойнауында, шатқалды саласында, Жем өзенінің жоғарғы бастау болатын бөлігіне орналасқан деуші еді. Сол ойлы пікір, жазба деректер бүгінгі күні іске асып, ақиқатқа айналды.

Пір атаның 2000 жылы 250 жылдығын атап өту мерекесінен кейін енді болатын 260 жылдығына дейінгі аралықта Пір Атаның Мұғалжар тауы аймағындағы жетінші мешітін табу әрбір арманшыл азаматтың игі мақсатына айналған болатын.

2003 жылдардан бастау алған ізденіс пен іздеудің нәтижесінде Ата мешітінің орналасқан өңірі, тұрған жері белгілі бола бастады. Бекет атаның жетінші мешіті Ембі қаласынан 35 шақырым қашықтықта, Мұғалжар ауылынан 15 шақырымдай екі ауылдық, қалалық әкімшіліктің шекаралас жерінде, Қырғыз елді мекенінен 4-5 шақырым, темір жолдың Солтүстік бағытында биік қыр басындағы алқапта, Жақсытау мен Жамантаудың қиылысар тұсында, Қос Айырықтың батыс жағында орналасқаны белгілі болып отыр.

Әрине, салынғанына екі ғасырдан артық уақыт өткен жәдігерлік мұраның бұл кезеңге бүлінбей, мүжілмей келуі де ғажап оқиға. Ата мешітінің айқындалуы, табылуы және көпшілік жамағаттың ортасына оралуы — заңды құбылыс.

Келдібай ЕСПАҒАМБЕТОВ,

«Шопан Ата», «Пір Бекет» қайырымдылық қоғамдық қорының төрағасы

«Ақтөбе» газеті, 21-мамыр 2010 жыл