Үркер - «Үш Қиян» Республикалық ұлттық тәуелсіз апталық газет


“Өнерге 7 жасымнан құмар болдым”

“Ақ тұманың” қонағы

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның студенті, “Ақ тұманың” алғашқы қонағы жас өнерпаз Нұрым Асқанов:
– Ең алғашқы сұрағым осы өнер атты қызығы мен қиыны қатар жүрер, қазыналы жолға қалай келдің?
– Өнерге 7 жасымнан құмар болдым, өйткені әкем үйде домбыра тартатын. Ақтау қаласындағы “Достық” мәдени орталықта 10 жасымда белгілі Өсербай жыраудан тәлім алдым. Өзімнің домбыраға [...]

«Жел шайқаған желкенбіз…»

Елена ӘБДІХАЛЫҚОВА,
ақын, әнші- композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты.
Елена Қызылорда облысында туып-өскен. Өнерге ес білгелі араласып келеді. Бір кездері ақындар айтысында жарқылдап көрінген талант. Өзбекстанның астанасы Ташкентте, Қырғызстанда, Қазақстанда өткен халықаралық ақындар айтысында 5 рет жүлделі орындардың иегері. Республикалық 70-тен аса айтыстың жеңімпазы. Сонымен бірге, жазба ақын ретінде бірнеше жыр жинақтары жарық көрген. [...]

«Белгілі бір деңгейдегі әншімін»

сахнадан сырт сұхбат

– Шығармашылығыңызда қандай жаңалық бар?
– Өнерде жүргеннен кейін үнемі бір жаңалық жасағың келіп тұрады ғой. Жақында талапты, талантты жастарды жетегіме алып, алар асулары таусылмасын деген оймен үш жігіттен құралған «Асу» деген топ құрдық. Келешегінен үміт күтуге болады ғой деп, жастарға лайықты өзіндік стилі бар, үлкен буынның да көңілінен шығатын репертуар жаздырып жатырмыз.
Өзімнің жеке [...]

Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен

өркен

Қандастарымыздың күрес өнерімен ғана емес, садақ ату бойынша да төрткүл әлемді таңғалдыруға мүмкіндігі барын бәріміз білеміз. Алайда қазір бабаларымыздан қалған садақты шіреніп тартар ұлан жоқтың қасы. Сол себептен де осы спорт түрі бойынша ел намысын негізінен өзге ұлт өкілдері қорғауда. Десек те, соңғы кезде жаңа толқын өкілдері бой көрсете бастады. Солардың бірі – Сағадат Нұғман. [...]

«Адамзаттың Мәртөбесі»

жедел сұхбат

Өткен аптада Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде өлкемізде өркен жайып, өз еліміздің ғана емес, әлемдік өркениетті білімдар кеңістігінде өз орнын межелеп отырған академик, заманымыздың ғана емес, келер ғасырларымыздың айрықша тұлғасы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығына арналған ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция жұмысына жақын шетелдердің, республикамыздың белді оқу орындарының, ғылыми зерттеу институттарының беделді ғалымдарынан, жергілікті [...]

Шоғы батырға ескерткіш қойылады

таңба

Ағымдағы жылы 20 мамырда Мәдениет министрлігінде өткен Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті мәжілісінде бірқатар ескерткіштер орнатуға шешім шығарылды. Нақтырақ айтқанда, Өскемен қаласында Қабанбай батырға орнатылатын жобалардың ішінен Б.Құсайыновтың жобасы үздік деп табылса, Парижге жапсарлас орналасқан Ножан-Сур-Марн қаласындағы саябаққа орнатылатын мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай мүсінін қызылордалық мүсінші А.Кененбаев сомдайтын [...]

“БОЛАШАҚ МЕССИДІҢ” МЕСЕЛІН ҚАЙТАРҒАН КІМ?

Дүйім жұртты көгілдір экранға телміртіп, соңынан жүгіртіп қойған ала доптың не құпиясы бар екені белгісіз. Бірақ футболдың әлемдік деңгейдегі спорт екені сөзсіз. Ол – ел намысын халықаралық деңгейде асқақтататын спорт түрі. Бұған қоса, бизнес көзіне де айналған. Тепкен добы бірден қақпаға түсетін ең үздік футболшылар әлемдегі ең танымал, ең бай адамдардың қатарына тез ілінеді.

«СУ БЕТІНЕ ШЫҒЫП ҚАЛАТЫН ҚОҚЫМ-СОҚЫМ КӨП»

Төлеген МҰХАМЕДЖАНОВ,
композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:
– Халқымыз «Әу демейтін қазақ жоқ» дейді. Мұның өзі қазақ өмірінде музыканың қандай рөл атқарғанын көрсетеді. Аға, өзіңіз қазақ музыкасы дегенді қалай түсінесіз?
– Қазақ музыкасы дегенде, ең әуелі, қазақтың дәстүрлі әндері еске түседі. Қазақтың халық музыкасы – ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі әуендер. Онда қазақтың мың жылдардан бергі ұлттық рухы жатыр.

Ауылдағы әйелдің 7 пайызы темекі шегеді

Қазақстанның медициналық қоғамдастығы өкілдері «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасына темекі өндірушілерге қойылатын талаптарды күшейтетін нормалар енгізу қажет деп есептейді.

Шуберт шығармашылығы

Франц Петер Шуберт 1797- жылдың 31-тамызында Венада дүниеге келеді. Оның отбасындағы тәрбиесі өте жақсы болған. Әкесі мұғалім, шешесі қарапайым жұмысшы еді. Шуберттің жас кезінен-ақ музыкаға деген ынтасы білініп, әкесі оны скрипкада ойнауға үйретті. Үлкен ағасы – клавирде, ал танысы – ән өнері мен музыкалық теорияға баулыды. 11 жасында Шубертті «конвикт» деп аталатын тек ұлдар оқитын жабық музыкалық, шіркеу әншілерін даярлайтын мектепке қабылдайды. Бұл шіркеулік оқу орнында Шуберт бес жыл орта білім алады. Музыкаға деген махаббатының күшті болғаны сонша, ол конвикте оқытылатын басқа сабақтардан үлгерімі нашар болды. Сондықтан әкесі оны шығарып алады. Шуберттің оның отбасының өмірі өте ауыр еді. Мектепті оқи алмай шығып кеткені үшін әкесі мен баласының арасындағы түсініспеушілік, қайшылық басталған еді.
1813-жылы 16 жасында Шуберт тұңғыш симфониясын жазып бітіреді. Ал келесі жылы ол бірнеше ғажап өлең жазады. Оның ішінде Гетенің сөзіне жазылған “Гретхен за прялкой” атты әні де бар. Дәл осы ән Шуберттің лирикалық дарынын байқатқан, алғашқы қадамы деп санауға болады.
Өмірінің соңғы екі жылында Шуберт тамаша шығармалар жазады. Олардың арасында: «До минор», «Ля мажор» және «де Си бемоль мажор» фортепианолық сонаталары, ішекті аспаптарға арналған квартет, атақты “музыкалық моменттер” “экспромттар” және де көптеген әндер бар.
Шуберт 1828-жылдың 19-қарашасында ағасы Фердинандтың үйінде қайтыс болады. Композитордың барлық заттары 63 флоринге ғана бағаланды. Одан байлық қалмады. Тізімде көрсетілгендей бар-жоғы бірнеше көйлек, аяқ киімі еді. Ол кедейшілікте қайтыс болған.
Шубертті Венада Бетховеннің қасына жерледі.
Бірақ та оның артында қалған шығармалары мәңгілікке орнатқан ескерткіш еді.