Бабакүлдік - «Үш Қиян» Республикалық ұлттық тәуелсіз апталық газет


Той туралы ой

2010 жыл – Бекет Атаның 260 жылдығы
Биыл – әулие, рухани ұстаз Пір Бекет Атаның 260 жылдығы. Осыған орай Маңғыстау облысында қыркүйек айының ортасында Бекет атаның 260 жылдығын кең көлемде атап өтуге дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр.

Пір Бекеттің мешіті табылды!

Ақтөбе өңірі өзінің табиғи байлығымен қатар мәдени мұра, тарихи ескерткіштер, ауыз-жазба, әдеби-аңыз әңгімелер, құнды дастандарымен, батырлармен, сондай-ақ діни көзғарастағы көрнекті тұлғалармен де ерекшеленеді.

…АҚ ЖАЙЫҚТА – ЖҰМАҒАЗЫ ХАЗІРЕТ

«Жер киесіз, ел иесіз болмайды» дейді қазақ. Батыс Қазақстан облысында да мұндай киелі жер көп-ақ. Соның бірі – Самара-Шымкент күре жолының бойында, Орал қаласынан Жымпитыға қарай 80 шақырымдай шыққанда кездесетін әулие Жұмағазы хазірет қорымы. Бұл кісіні жергілікті халық «Дәдем ата» атап кеткен. Бұл жерден өткен көліктер жолдан 1-2 шақырым жатқан зират тұсына арнайы тоқтап, дұғасын [...]

Қобыланды батыр көп тәңірге табынған ба?

жаңғырық

Редакциядан: «Ана тілі» республикалық апталығының 2010 жылдың 15 сәуіріндегі №15 санында осы газеттің тілшісі Жанар Елдосқызының «Қарақыпшақ Қобыланды» атты мақаласы жарық көрген болатын. Мақала авторы фольклорлық мұраларды талдап, халықтың рухани мұрасын насихаттауға тырысқанымен, бірқатар астары күмәнді пікірлерге де орын берген. Оған дәлел – біздің редакциямызға хабарласқан Нұраддин Өзбекхан атты жас әдебиеттанушының осы мақаласы. Н.Өзбекхан бізге [...]

Әнет баба ғибраты

рух
(жалғасы, басы өткен санды)
2. Әнет Баба және дәстүрлі діни таным.

Әнет Бабаға берілген «Билердің биі» деген атақ туралы М.Ыбырайұлының 1993 жылы «Абай» журналында жазған пікіріне қазір барлық зерттеушілер тоқтағандай: «Билердің биі» Бұхардағы ғылыми медреседе оқытылатын он екі пәннің бірі – «мұсылмандық әдет-ғұрып, заң праволары» курсын толық меңгеріп, тәмам еткен шын мағынасындағы ғұлама оқымысты әрі бірнеше жас [...]

Әнет баба ғибраты

рух

1. «Балалықты қуып жеткен» даналар.
«Өзін өзі таныған ер бақытты, өзін өзі билеген ел бақытты» дейді халық даналығы. Даналықтың шыңына жеткен Әнет Бабадан «Өзімді өзім іздеп жүрмін» деген жұмбақ сыр қалыпты. Қазақ хандығының Тәуке хан тұсында дәуірлеп дамуына атсалысқан атақты қайраткер Әнет Бабамыздың тарихи бейнесі мәңгі жұмбақ боп қала бермек. Себебі бүкіл саналы ғұмырын елдігіміздің тұғырын [...]

«Қазақтар шешендігімен және тауып сөйлегіштігімен ерекшеленеді»

Сырткөз

Қазақ фольклорының хатқа түсіп, кейінгі ұрпаққа жетуіне елеулі еңбек сіңірген ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс шығыстанушы ғалымдарының бірі – В.В. Радлов. Міне, ыждаһатпен қазақтың рухани мұрасын жинап жүріп, ғажап мәдениетіне таңғалған ғалымның көзғарасын сіздерге ұсынып отырмыз.

Айналайын, Алпамыс!

Жырды кезекті бір оқығанда туған ойлар

«Жанұя – шағын мемлекет» деген даналық сөзді Маркс пен Энгельс жарықтықтарға теліп жүрміз ғой, бұған менің тым-тәуір күмәнім бар. Тіпті оны сол сақалды сабаздар айтқан жағдайдың өзінде «дұрыс»-тан басқа дерім жоқ. Иә, жанұя – елдің шағын бір бөлшегі. Онда үй-іші қарым-қатынасының дұрыс-бұрыстығына мемлекетіміздің әл-ахуалы тікелей тәуелді болып шықты. Бұны қазекем [...]

Хан-билер саят құрған Ханкөл екен…

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы – ежелден құт қонған өлке. Бұл жақта есімі елге белгілі әулие бабаларымыздың мешіт, қорымы көп екенін былайғы жұрттан көп еститінбіз. Бірде жолымыз түсіп, осы ауданның Ханкөл ауылындағы Беркін Оразов ағамыздың үйінде садақада болдық. Ел-жұрт жиналған жерде көп әңгіме айтылады.

«Қайран бабаларым! Мен риза, сендерге»

Қолтығымда ата-бабамның бұдан бес ғасыр бұрын жасалған мұрасы, қалтамда бес тиын жоқ, «Октябрьдің Бірдеңе жылдығы» жалпасынан түсіп, Райымбек-Ата есіміне көшкен кең даңғылдағы кітап дүкенінен шығып, бір заманда Сталин проспекті аталған, одан соң Коммунистік проспект атанған, қалай атаса да діннен шықпаған Абылай хан даңғылына түсіп, өздерінің әуелгі, тума есімдерін иеленген Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би, [...]