иманды ұлт азбайды
«Мен әркез намазға сапқа тұрған мұсылмандарды көргенде, өзiмнiң мұсылман болмағаныма өкiнемiн». Ренан («Адамзатқа шұғыл хабар» кiтабынан).
Бiр заманда ұлт намысын жоқтаушы Арқаның билерi қарашекпендiлердiң шiркеуiнен даңғырлай шыққан қоңыраудың үнi далалықтардың құлағына сiңiп кете ме деп қауiптенген көрiнедi. Сонда Ақтайлақ би Түркiстаннан шариғатқа жүйрiк оқымыстыларды алдырып, әр ауылдан мешiт аштырыпты. Мұның өзi сақалды көршiнiң ар-ожданға [...]
Әнет Баба және қоғамдық модернизация
жалғасы, басы өткен сандарда
– Баба! Дүниені не бұзады? Адамшылық арды не бұзады? Күнә неден шығады?
– Шырағым, «ӘКМ» деген сөз үш әріп, соны екі рет айтса, алты әріп «ӘКМ-ӘКМ» болады… Адам осы алтауына қызығып, дүниені де бұзады, ардан да, адамшылықтан да айырылады, күнә де қылады…
(Ахат Шәкерімұлы қолжазбасынан)
Әнет баба ғибраты
жалғасы, басы өткен сандарда
«Әнет бабаң исі қазақтың пір тұтқан үш ірі тұлғалы билері: Әлібекұлы Төле бидің, Келдібекұлы Қазыбек бидің, Бәйбекұлы Әйтеке бидің «тіл ашар» ұстазы, «адалдыққа жақ бол, арамдыққа жат бол» деп ақ батасын берген жасы да, жолы да үлкен абыз атасы еді» (М.Ыбырайұлы)
Би, жырау Бұхар Қалқаманұлының есімін қойған Әнет бабаң:
Есімің Бұқар болсын,
Мінгенің [...]
Әнет баба ғибраты
жалғасы, басы өткен сандарда
– Байшөгелі жоқ «қасаң» дауға неге бұрынғылар бір түйін шешім айтпаған?– деп Қазыбек Бабаңнан сұрағанда:
– Оған енді мынадай тоқтам айтылсын,– деген.– Қазақ жолы – қанағат. О да жолдан адаспас, «қасаң» дау емі – шариғат, бұған ешкім таласпас,– деп жауап беріпті…
(Ахат Шәкәрімұлы қолжазбасынан)
жақсының аты өлмейді
Кішкентайымда, кемпір-шалдардың ортасында көп болғанымда олар бейтаныс жаннан жөн сұраса сала “е, бәленше батырдың, түгенше бидің ауылынан екенсің ғой”, – деп қауқылдасып жататын. Әсіресе, сол өңірдегі әулиенің аты міндетті түрде аталып ол жарықтық біраз әңгімеге азық болатын еді. Осыған қарап «Жер киесіз, ел әулиесіз болмайды» деген мақалды көкірегімізге түйіп жүретінбіз. Кейінірек мұндай жөн [...]
зерттеу
(Түркістандағы кесенеге сыйға тартылған шырағдандардың символдық мәні)
Әзірет Сұлтан кесенесіндегі ХІVғ. жеткен Көреген Әмір Темір сыйға тартқан көне жәдігерлердің бірі – қабірхана бөлмесінде тұрған қола шырағдандар. Олардың жалпы саны алтау болған, мемлекет қарауына өтпестен бұрын шырағданның біреуі 1935 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінен әкетіліп Санкт-Петербургтағы Эрмитажға түскен. Екіншісі Франциядағы Лувр мұражайында сақтаулы.
рух
Жүрек – қазан, тіл –шөміш.
Ж.Руми.
Біздің үйде бір ескі шөміш (ожау) бар еді. Әжемнен қалған, өте көне. Әжем де «шешемнің көзі еді…» деп сақтап жүретін. Ондай шөмішті еш зауыт, еш шебер енді жасамайтыны анық. Өйткені оны жасаған шебер де, әжемнің шешесі, оның әкесі атақты молда да бәрі алмағайып заманда ел асып кеткен. Әжем әке-шешесінен ажырап жетім [...]
Шошқабай мен Көтіқарыстың хикаясы
Бауыржан Момышұлы – 100 жыл
(Жалғасы. Басы өткен сандарда.)
Баукеңнің туған күні желтоқсан айының жиырма төртінші күні. Жолаушылап жүріп кетпесе, жылда тойлап, құттықтап жатамыз. Биыл да құттықтау үшін телефон шалмай-ақ бірден үйіне кіріп бардық. Мен, жұбайым Бағаш. Оның немере інісі Алтынбек пен келіні Жанар. Төртеуіміз де – Баукеңнің іш тартып сыйлайтын жанашырларымыз. Баукең төсегінде [...]
нәрлі сөз
Бекет Ата он екі, он үш жастар шамасында кәрі нағашысы Тама Есет батырдың аулына нағашысының батасын алуға барады. Бұл кез батырдың қартайып, сұсты да өткір көздерінен әр тайып шүңірейіп, белден қуат кетіп бүкірейіп, жасы тоқсан бестен асып бара жатқан шағы екен. Дегенмен, батыр әлі қунақ, үйден өзі кіріп шығатын, ел-ақылы бүтін еді. Бір жұмадай [...]
ел аузынан
Дүзбай Нұрбайұлының туылған, қайтыс болған жылы белгісіз. Ел аузындағы деректерге қарағанда XIX ғасырдың басында туылып, соңында қайтыс болған. Бір ғасыр өмір сүрген адам. Дүзбай әулие Жанабай батырға туажат. Жанабай батырдың үлкен баласы Қалматайға шөбере болады. Оның немересі Дүзбай бір әкеден жалғыз екен.