Сұхбат - «Үш Қиян» Республикалық ұлттық тәуелсіз апталық газет


«Қазақ елі – иісі түріктің асыл негізі»

Сыр-сұхбат
– Асылы апа, жан-жүрегіңіз қазақ деп елжіреп жүреді ғой. Менің өзіңізбен бір сырласқым келіп тұр.
– Иә, айналайын, айта ғой. Қызметіңе жарайын.
– Өзіңіз білесіз, мына жаһандыру дәуірінде ұрпақ тәрбиесіне мән беру өте өзекті. Осы орайда мектептегі, үйдегі бала тәрбиесінде неге маңыз беру керек, нені ескеру керек?
– Мен ұстаз ретінде, Қазақстан қоғамының азаматы ретінде айтарым, баланы алдыменен [...]

Біз Конституцияны қалай құрметтеуіміз керек?

форум
Амангелді АЙТАЛЫ, қоғам қайраткері:
Конституция-да ұлттық идея бар
– Конституция – қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін басты құжатымыз. Сондықтан оны құрметтеу – әр азаматтың парызы. Бірақ мені ойландыратыны, біздің елімізде Конституция күні қарсаңында Конституцияны еске аламыз да, басқа кездері оны құрметтеу, Ата заңға жүгіну, қағидаларын бұлжытпай орындау деген ойларына келе бермейтін сияқты. Мен өзім ұстаз және депутат болғандықтан [...]

«Біздің құбыламыз қисық емес…»

әлемде қазақ деген халық бар…

Мұхаммед Есбол

Былтыр Лондонда өткен Еуропа қазақтарының тоғызыншы Кіші құрылтайында сөз сөйлеген Ұлыбритания қазақ мәдени орталығының төрағасы Исмаил Кесіжі: «Басты мәселе – жастарды қазақы рухпен тәрбиелеу» деген еді. Әлемнің 40-қа жуық елінде тарыдай шашылып жүрген төрт жарым миллион қазақтың арманы біреу-ақ, ол – бірлік. Бірлік: тіл, діл, дін тұтастығында екені анық. Араға [...]

Ясауи мен Шәкәрім – осы топырақтағы руханияттың негізі мен темірқазығы

Досай КЕНЖЕТАЙ, философия және теология ғылымдарының докторы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Түркология ғылыми зерттеу институтының директоры:
– Сіздер жуырда ғана Ясауидің «Рисала дар адабу тариқат» еңбегін тауып алған екенсіздер. Сол еңбек жөнінде айтып берсеңіз, жаңалық боларлықтай не бар екен?
– Бұл еңбек екі ай бұрын табылды. Онда тариқаттың моральдық-этикалық мектебінің ішіндегі шәкірт пен ұстаздың арасындағы байланыстар [...]

Тарихтың тарқатылмаған тұсы көп

Ғылым көкжиегi

Батыс – Шығыс әлемiне қашан да қарыздар. Батыс Еуропа жұртында ғылым, бiлiм латын тiлiнде жүргiзiлгенi iспеттi, ежелгi Шығыс әлемiнде, оның рухани орталығы Мауреннахрда араб, парсы, шағатай тiлдерi жазба тiлi ретiнде прогрессивтi рөл атқарды. Ғұлама даналарымыз өз құндылықтарын сол тiлдерде жазып қалдырды. Ондай құнды дүниелер Иран, Түркия, Сирия, Египет, Үндiстан, Пәкiстан, Испания, Франция, Англия, Ресей [...]

«Адал еңбек ету – әркімнің азаматтық парызы!»

– Киікбай Жақыпұлы, өткендегі мұнайшылар толқуына басты себеп болған мәселелерді қазіргі басшылар қалай шешіп жатыр?
– Осы жылдың наурыз айында 20 күнге жуықтаған мұнайшылар толқуына жалақы төлеудің жаңа жүйесі себепкер болған еді. Сондай-ақ, жұмыскерлердің талабының ең негізгісі 1,8 салалық коэффициентін жалақыға қосу, 1,7 аудандық коэффициентті заң жүзінде заңдастыру еді. Осындай түйткілді мәселелерді шешу үшін компания және [...]

“Алматының мыңжылдық тарихы бар”

– Ерболат аға, адамның рухани өмірінде мұражайдың рөлі қандай?
– Алматы қаласы тарихының музейі – халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, қаламыздың өткені мен бүгінін байланыстырып отырған мәдени ошақтардың бірі. Музей адам өміріне беретін азығы мол, себебі музейде сонау сан ғасырдан жинақталған ата-бабамыздың асыл мұраларын келешек ұрпаққа қаз қалпында жеткізу үшін маңызды рөл атқарады.

Тоталитарлық тарихтан – демократиялық болашаққа

31-мамыр Саяси қуғын-сүргiн құрбандарын еске алу күнi

Жақында Еуропалық Кеңестiң Парламенттiк Ассамблеясы Кеңес Одағы республикаларында 30-жылдары болған жаппай аштық құрбандарын еске алу туралы қарар қабылдап, аштықты кеңес режимiнiң өз халқына қарсы жасаған қылмысы деп таныды. Бiз осыған орай, Қазақстандағы барлық саяси партиялар мен қоғамдық және мемлекеттiк емес ұйымдардың басшылары мен елiмiзде тiркелген барлық дiни ұйымдардың жетекшiлерiне [...]

«Тілді тұсап отырған – самарқау сана»

тұғыр

Болат ЖЕКСЕНҒАЛИЕВ,
Орал қаласындағы «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы:
– Болат Өтеғалиұлы, өткен жылдың соңында Астана қаласына тіл жанашырларының форумына барып қайттыңыз. Мемлекеттік тілді дамыту елімізде һәм облыста қалай жүруде? Не бітірдік, алда не істейміз?
– Астанадағы жиыннан ұққаным – елімізде тіл саясатын жүргізудің жаңа кезеңі, шешуші кезеңі [...]

“Әкемнің өмір бойы өз әкесін аңсап өткені – әлі көз алдымда”

31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

Бiздiң барлық қайғымыз бен қиыншылығымызға қарамастан, дүниеде өмiр сүрудiң қажеттiлiгi болмаса, адам өмiрiнiң мәнi сақталып қалар ма едi? Рас, өмiр – адам үшiн ең қымбат құндылық. Бiрақ бiздiң бақытымыз өзiмiзге байланысты оқиғалардың өз табиғатына емес, оған деген бiздiң көзғарасымызға әлдеқайда тәуелдi екенiне күн өткен сайын көзiмiз жете түседi. [...]