елдің киесі
Кеңестің кесірі тиген мен күні кешеге дейін қазақтың «мал-жан аман ба?» деп сәлемдескеніне апырау, малды адамнан бұрын қойғаны несі екен деп, тыжырына қарайтын едім. Ақылға салып қарасаң, мал болмаса жан болмайды екен. Кеңес үкіметі не үшін қазақты малынан айыруға әрекеттенгенін енді түсіне бастағандаймын…
Базарға барсаң бағасы удай қымбат болса да, балықтың түр-түрі сөрелерде самсап тұр. Кептірілгені, ысталғаны, тұздалғаны керек пе, қалағаныңның бәрі бар. «Бақасы қойдай шулаған, балығы тайдай тулаған» деп Қазтуған жырау жырлағандай Каспий десе, көз алдыңызға қызыл балық елестері сөзсіз. Алайда, баршаға мәлім, қазір жұрт жарытып балық жей алмайды. Себебі, – қымбат. Дұрыс, экологиясы бұзылған теңізде балық [...]