Ғалам және Қазақстан - «Үш Қиян» Республикалық ұлттық тәуелсіз апталық газет


Саясат тақтасындағы мемлекеттік тіл жүрісінен неге жаңыла береді?

«Протокол қызметi туралы Ереже» жөнiнде не бiлемiз?
«Демократиялық жаңаруларды жүзеге асырғалы жатқан екенсiздер. Жөн. Бiрақ ұлттық даралықтан айрылып қалмаңыздаршы!».
Малайзия парламентiнiң өкiлдер палатасынын төрағасы Нга Талиб мырзаның анабiр жылы Қазақстанға жасаған ресми сапарында сол тұстағы Сенат төрағасы Нұртай Әбiқаевпен болған кездесуiнде айтқан осы сөзiнiң астарында не жатыр?

Конституция: тәртіп пен тұрақтылық кепілі

30-тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
«Демократияның мәні-қоғамда бәріміздің бір біріміздің жауапкершілігімізді сезінуде».
Генрих Манн
Біз, қазақстандықтар, Тәуелсіз Қазақстан-ымыздың Конституция күнін маңызды мерекелердің бірі деп есептейміз және жылдан-жылға Алаштың осы атаулы күнінің маңызы артып келеді.
Қазақ КСР-інен өз мемлекеттілігін демократия қағидасында құрған егеменді,Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өткен соң, мүмкін болған саяси модернизация кезеңінде түбегейлі өзгерістер әкелетін тың бастамалар [...]

“Болашақ”: Бізге керегі маман ба, әлде адам ба?

Тiлшi талдауы

17-ші тамыз күні Ақордада Мемлекеттік хатшы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті мәжілісі болып өтті. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша 472 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды.

Азаматтық қоғамның артықшылықтары қандай?

бағыт

Әлемде бiрде-бiр елде өзгерiске түспеген шынайы Конституция болған емес. Уақыт, заманның өзгерiске түсуiмен олар да үнемi жетiлдiрiлiп отырған. Дүниежүзiнде ең демократияшыл ел саналған АҚШ конституциясы да кiршiксiз әдiл болған жоқ. Ол – азшылықтың артықшылық жағдайын заңдастыруды көздедi. Заң шығарушы конституциялық конвенттiң өзi демократиялық зайырлы орталықты қалыптастырған емес. Конституция бойынша Президент билiгi Вашингтонның жеке басына лайықталып [...]

ҮШ АНЫҚ

Әлем қаласы Астана туралы ой
6-шілде – Астана күні

Халқымыздың дәстүрiнде шығыстық, батыстық сәулет өнерiнiң небiр үлгiлерiн меңгеруде ежелден тәжiрибесi бар. Оның құлан түзде шатыр көтергенi бүгiн емес. Адам-ата ең бiрiншi үйдiң қадасын қаққаннан бастап өзiн сәулетшiмiн деп санаған екен. Кезiнде қазақ даласында мейлiнше гүлденген Тараз, Құлан, Сауран, Отырар, Құмкент, Атакент сияқты небiр шаһарлар болған. Өкiнiшке орай, [...]

Шөл…

сараптама
Әрбiр үш тұрғынның екеуi судан тарығады

ХХI ғасырдың басты проблемасы ауыз су тапшылығынан туындап отыр. Бiрiккен Ұлттар Ұйымының таратқан ақпараты бойынша жер бетi халқының 1,1 миллиарды қазiргi таңда ауыз су зардабын тартып отырған көрiнедi. Оның үстiне халықтың 2 миллиардтан астамы «су дағдарысын» бастан өткеруде.
Бiр жұтым таза суға мейiрiмi қанбағандықтан, жер бетiнде әр тәулiк сайын 4 мың [...]

“Бұл – нағыз мұнай геноциді”

мұнай тек ақша емес…

Мамырдың 23-інде әлем мұнайын ғаламдық рынокка жөнелтетін ең ірі порттардың бірі Сингапур мен Малайзия ортасында танкер мен жүк кемесі соқтығысып, теңізге екі жарым мың тонна мұнай төгілген. Танкер Малайзияда, ал кеме Сент Висент және Гренадина аралдарында тіркелген екен. Экипаж мүшелерінің қаншасы зардап шеккені туралы мәлімет жоқ. Энергетикалық шикізатты су бетінен қалқып алуға [...]

Қырғызстанның саясаткерлері мемлекеттегі зайырлы жүйенің абыройын түсірді

әбігер әлем

Посткеңестік кеңістік “Бішкек-Минск” телекөпірі режимінде бірнеше апта бойы өмір сүріп келеді. Қырғыстанның экс-президенті Құрманбек Бакиев және оның қарсыластары тікелей эфир арқылы тарихи отанында азаматтық соғыспен құтырта қорқытып, бір-бірін батырып айыптап жатыр.

«Ресми діни басшылықтың бытыраң-қылығы экстремистерге ғана тиімді»

әбігер әлем

«Ресми діни басшылықтың бытыраңқылығы, Қырғызстан мұсылман діни басқармасының айналасындағы алауыздықтар тек исламның радикалды топтарына, соның ішінде экстремистерге тиімді», – деді «24» ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында ҚР діндер ісі бойынша Мемлекеттік комиссияның директоры Қаныбек Осмонәлиев.

Лев Толстой: Ислам жолындағы орыс классигі

(Жалғасы. Басы өткен санда)

Толстой діни мәселелерге аса ден қойған, оның ішінде Ислам дініне деген ықыласы ерекше болған. Татарлар бұл жайлы жақсы білетін және оған дін турасында ашық жазатын, сауал сұрайтын, кеңес алмасатын, пікір таластыратын. Ол татарларға талмай жауап қайыратын. Татар діндәрлары Толстойға тек хат жолдап қоймай, тіпті Ясная Полянаға да барған. Жалпы, «Толстой және татарлар» [...]