Ғұмырнама - «Үш Қиян» Республикалық ұлттық тәуелсіз апталық газет


Қазақ даласында кіндік қаны тамған ғарышкерлер

12-сәуiр – Ғарышкерлер күнi

«Байқоңыр» – әлемдегi ең үлкен ғарыш айлағы. Ол – Қазақстанның әлем алдындағы көрсетер ұлттық брендiне айналғанына да, мiне, 50 жыл толып отыр. Ғарыш айлағы тек ұлттың беделi ғана емес, ол – бiздiң бәсекеге қабiлеттi елдiгiмiз бен әскери потенциалымыздың күш-қуатын да айқындайды.
50-шi жылдардан бастап түрлi ғарыш аппараттары ұшырылып, 60-шы жылдардан құрамында адам басқаратын [...]

МЕН БІЛЕТІН БАУЫРЖАН

(Жалғасы. Басы өткен сандарда.)

Тәжікстан республикасының әдебиет пен өнерге байланысты кезекті онкүндігі Қазақстанда өтіп жатты. Онкүндіктің ашылу салтанатына қатысуға Баукеңе ресми түрде шақыру қағазы келді. Баукең бұл кезде сырқаттанып, аяғы ауырып, таяқ ұстай бастаған еді. Бұған бармасақ болмас, тәжік достарым өкпелер деп қамдана бастады. Сен маған сүйеніш боларсың деп, мені ертіп алды. Уақытында Абай атындағы опера [...]

МЕН БІЛЕТІН БАУЫРЖАН

Бауыржан Момышұлы – 100 жыл

Кездесу соңынан Баукеңді қонаққа шақырдық. Оңаша әрі тыныш болсын деп он шақты ғана адаммен бас қостық. Өзімізше қошеметімізді жасап, кездесуде айтқан пікірін жабыла мақтап, бірімізден соң біріміз Баукеңнің құрметіне тост көтерісіп жаттық. Ақындарымыз өлең оқып, әншілеріміз ән салып, әркім өз әлінше өнер көрсетіп жатыр. Баукең неге екенін білмедім, көңілсіз отырды. Біздің [...]

“Мен Баукеңмен қалай кездестім?”

Еліміз үшін биылғы айтулы мерекенің бірі – Бауыржан Момышұлының 100 жылдығы. Қазақтың біртуар батыры Баукеңнің мерейтойына байланысты мәдени шаралар ел ішінде басталып та кетті. Қаңтардың 19-ы күні Алматыдағы Республикалық кітап мұражайында «Халық батыры» атты көрме ашылса, Мәскеудегі «Мұрагер» қазақ-мәдени қоғамының қаржылай қолдауымен Бауыржан Момышұлының Ресей мұрағаттарында сақталған күнделіктері мен құжаттарының негізінде «Легендарный батыр» атты еңбек [...]

“Менің әкем – Шәкәрім”

естелік
Редакциядан:
Қабыш пен Ахат, Зиятқа
Сәлемімді айтсам, ұят па?
Қиянат жолға баспасын,
Нәпсіні мүлде тастасын, –
деп Шәкәрім қажының Саят қорадан жолдаған сәлемі өз ұрпағы ғана емес, бүгінгі күні қазақ баласының жандүниесінің шамшырағына айналғаны даусыз. «Әкейдің сол айтқаны есімнен кетпейді, талай сын-сағатта демеу, жүрекке қуат болды» деп жазатын Ахат Шәкәрімұлының әкесі жөніндегі естеліктері бір жағынан сол заманның қырын ашса, екнші [...]

Күрішті Маңғыстауы біле ме екен?!

Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен, кәрі Каспий жал-жал толқынын жағаға ұрған, 362 әулиесін қойнына алған, адайдың бес жүйрігі мен жеті қайқысы өткен қасиетті де қастерлі мекен – Маңғыстау. Маған дейін де Маңғыстау туралы небір ұлы айтып та, жырлап та өткен ғой. Айтпағым ол емес, жеті қайқының соңғы тұяғы, серілердің сарқыты, Қазақстанның Батыс аймағы әншілік [...]