Арман жетелеп 1964 жылы Алматыға кеткенде Cұлтанғали Насреддиновтің жасы 17-де болатын. Ол ауыл шаруашылығы институтына түсіп, инженер-механник мамандығын алып шықты. Туған жері Маңғыстауға тек 32 жылдан кейін 1996 жылы оралды. Бұған дейін Алматы, Орал облыстарында түрлі сала бойынша қызмет істеді.
Қазір ақсақалдың жасы – алпыс екіде. Жеке кәсіпкер. Өлкеде егінді (көкөністерді) тамшылап суару әдісін алғаш меңгерген [...]
Қазақ даласы қай заманда болмасын өнерпаздан кенде емес-ті. Небір дүлдүл әнші, би-шешендер, сазгер-күйшілер мен дәулескер ақындарды айтпағанда, басқа да түрлі-түрлі өнер иелерінің есімдері ұрпақтарымен бірге жасасып келеді. Солардың бірі «саз зергері» атанған дала дауылпазы, атақты Қазанғап күйші еді.
Ел болып етек-жеңімізді жиғалы бері барымызша сынығымызды жалғап, жыртығымызды жамап келеміз. Біраз жылдың жүзі болды, дәстүрлі мәдиниет те, ақындық өнер де кеңінен насихаттала бастады. Сонымен бірге шешендік өнер туралы пікірлер де жиі айтылып жүр. Тіпті шешендік өнер деген пәнді мектептегі бастауыш сыныптарға да бекітіп қойдық.