Әбіш Кекілбайұлы дегенде көз алдыңызға, ең алдымен, жаратылысы таңдай қақтырар ғажайып, бітім-болмысы бөлекше маңғаз Маңғыстау даласы елестей жөнелер еді. Егер ғарыштан қарар болсаңыз, бұл түбектің Жер бетінің ең терең, тұңғиық мекендерінің бірі екенін көресіз. Әбіш Кекілбайұлы да осындай терең-дүр, тұңғиық-дүр. Өткен сенбі күні Астанада сол қайраткер һәм қаламгер Әбіштің 70 жасқа толған мерейтойына арналған салтанатты [...]
Қазан 20-сы күні Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Түркістанда – Қожа Ахмет, Маңғыстауда – Пір Бекет» атты көрме ашылды. Онда Түркістандағы «Әзірет Сұлтан» Мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының 130-ға жуық жәдігері қойылған. Осыған орай қорық-мұражай директоры Мәулен Садықбекпен Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың мұрасы төңірегінде әңгіме өрбіткен едік.
Мәулен САДЫҚБЕК, «Әзiрет-Сұлтан» мемлекеттiк тарихи-мәдени қорық-мұражайының директоры:
Кеше Ақтау қаласындағы Маңғыстау облыстық политехникалық колледжінде техника ғылымдарының докторы Жаңбыршин Еділ Терекбайұлының төрағалығымен ғалымдар мен мамандардың ғылыми кеңесі болып өтті. Осымен екінші мәрте өтіп отырған кеңесте Маңғыстау тарихына қатысты мәселелер қозғалды. Бұған дейін мамандар математика саласына қатысты мәселелерді талқылаған болатын.
«Қошқар-ата» уран қалдықтары қоймасын залалсыздандыру жұмыстары биыл да жалғасады
Қытайда аспалы шамдар, Италияда түрлі ағаштар көрмесі өткізілетініндей қоршаған ортаның тазалығы және табиғаттың игілігін барынша пайдалану үшін жалпы қоғамдық шаралар ұйымдастыру жақсы әдет екені сөзсіз. Жақында Маңғыстаудың Шетпе елді мекенінде Ойсылқара тұқымының сүтінен бабына келтіріліп дайындалған шұбат көрмесі жасалып, жұртшылықтың сараптамасына салынды.
Сабыр АЙТУАР,
Маңғыстау Политехникалық колледжінің оқытушысы:
Қазақтың дүниетанымы бай, терең екені белгілі. Бабалардан қалған әр сөздің мазмұнына үңіліп отырсаң, өміріңе қажет барлық сұраққа жауап табарың сөзсіз. Қазақтың тіпті, ертегілері де тұнып тұрған ғылым. Тылсымға сену, инаныштың беріктігіне ерте бастан тәрбиелейді. Сол ертегілердің сырына үңіліп көрген бүгінгі күннің ғалымдары бас шайқап отыр. Астрономия саласы бойынша, көзмайын тауысып, аянбай [...]
Сейсенбі күні Маңғыстау облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының, Маңғыстау облыстық білім басқармасының, Қазақстан Туристер Ассоциациясының және Бельгиядағы жоғарғы техника мектебінің (Howest) арасында меморандумға қол қойылды. Бұл оқу орыны – Гента (Бельгия) қаласындағы Университеттер Ассоциациясына мүше.
Сәрсенбі күні Маңғыстау облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген отырысы болып өтті. Тұрақты комиссияның төрағасы – Құралбек Келжанов. Комиссияның кезекті отырысында екі мәселе қаралды. Бірі – өңірдің 2006-2010 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту бағдарламасының 2008-2010 жылдарға арналған шаралардың орындалу барысы болса, екіншісі – агроөнеркәсіптік кешенді орнықты дамыту жөніндегі 2009-2011 жылдарға [...]
«Отан үшін отқа түс – күймейсің»,– дейді қазақ халқы. Отан қорғау – әрбір азаматтың міндеті. Бұл – ҚР Ата Заңы Конституцияда да көрсетілген.
Маңғыстау облысында Комсомольское кен орнында жаңа өндіріс кешені ашылды. Ол елді мекендер мен өнеркәсіп нысандарынан шалғайда Бозашы түбегінің солтүстігіндегі Өлі қолтық аумағында орналасқан. Өндірістік кешенге ең жақыны – 110 шақырым жердегі Қызан ауылы. Аудан орталығы Шетпе кенті кен орнынан 240 шақырымдай жерде.