Рух - «Үш Қиян» Республикалық ұлттық тәуелсіз апталық газет


«Үш қиянның» үздіксіз жұмысына 10 жыл!

Екеуі де бір Міржақып болып жүрмесін…

аңыз адам

РЕДАКЦИЯДАН:
2007 жылы Мұңғұлия жеріндегі Бай Өлкеде (Баян Өлгий) танымал дінтанушы Нарынбай Разбекқажыұлы, айтулы ақын Светқали Нұржан, ғалым Саят Ыбырай, фольклортанушы ғалым Болат Қорғанбек ағаларымызбен бірге сол жердің жергілікті қазағы, ақын Сұраған Рахметұлының үйіне қонаққа бардық. Қазақтың арғы-бергі тарихы, шежірелі әңгімелері арасында бір қызық хикая баян етілді. Сұраған ақын алаштың арысы Міржақып Дулатұлына өте қатты [...]

Біз неге өз тарихымыздан рух ала алмаймыз?

форум

Қазақ тарихын мектеп, не ЖОО-да оқытқанда соғыс, жаугершілік, шапқыншылықтарға көп көңіл бөлінеді де, рухани, мәдени тарихымыз ескерілмей жатады. Бұл туралы ХХ ғасырдың басында-ақ Алаштың арыс азаматы Әлихан Бөкейханов: «Тарихтың сарын жолы екіге бөлінеді: бір бөлек тарихтың пайдаланғаны соғыс істері. Біздің қазақ білетін тарих осы. Тарихтың екінші түрлісінің (мұны орыстар «история культуры» дейді) пайдаланғаны – жұрттың [...]

Аналар мен арулар мерекесі құтты болсын!

Әбіштің әлеміне дақ түспейді

алқау

Әбіш Кекілбайұлы – әлемге танылған тұлға. Ол кісі туралы сөз құрастырамыз деп ойламап та едік. Алдаспан ақын – Фариза апамыз, жақындағы бір сұхбатында: «Әбіш туралы бір нәрсе ойлап, бір нәрсе жазуға тіпті қорқамын» дегені бар еді. Әйтсе де, жалпақ жұртқа жария етіліп, Әбекем табиғатына лайық емес көзғарас көрсеткен Назарбек Қанафияұлының «Ашық хатына» үнсіз қалып, бейтараптық [...]

Ұлттық рухтың негiзi – ұлттық тiл

тұлға

Мұстафа Шоқай – Түркiстан халықтары тарихында бүтiн бiр кезеңдi қамтыған ерекше ұлы құбылыс. Бүкiл өмiрiн ұлт мұратына арнап, «Алашым» деп өткен мемлекетшiл қайраткердiң туғанына 120 жыл толып отыр. Кезiнде жеке басына қауiп-қатер төнсе де, өзi өмiр сүрiп, күрескерлiкпен айналысуға еркiндiк берген Францияны тастап кетпеген ұлт қайраткерiне жақында француздар үлкен құрмет көрсеттi.
Аталмыш шараның Қазақстанның Еуропадағы қауiпсiздiк [...]

Сөз ұстаған

ортақ мүдде үшін
Былтыр ғана 200 жылдығын дүрілдетіп атап өткен Гогольдің «Мертвые души» шығармасын Италияда елден жырақта, айқай-шудан алыста отырып жазуы үшін ол патша Николай І-ден қайта-қайта қарыз алғаны тарихтан белгілі. Жуковский арқылы хат жазып, 5000 рубль алған Гоголь ол ақшаны толық жеткізе де алмады. Гоголь туралы естелік жазушы достары: «ол денсаулығын, шығармасын айтып, әркімнен қарыз [...]

РУХАНИ БАЙЫҒАН ХАЛЫҚ АЗЫП-ТОЗБАЙДЫ

Жақында өткен Құрбан айт мерекесінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтың киелі Түркістан қаласында, қасиетті Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесі алдында ақ түйені құрбан шалғанын республикалық телеарналар мен басылымдар көрсетті.

Түркістанда – Тайқазан, Венециядағы қай қазан?!

Жақында қазан айының 29-30 жұлдызында Италияның Венеция қаласында «Орталық Еуразиядағы дін және қоғам: Қазақстанның діни тарихындағы пайда болған жаңа дереккөздер» деген атпен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілген болатын. Бұл конференцияға Қазақстанның бір топ ғалымдарымен бірге Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының аға ғылыми қызметкері, шығыс тілдерінің маманы, жоғарғы дәрежелі текстолог, дінтанушы Сайпулла Моллақанағатұлы мырза [...]

«Көңілің – қожа, тілің – құл,
Айдасаң жүрер жолменен»

жыр-жинақ
Бәйімбет Телеуұлы (1876-1931)
Кейінгі ұрпаққа есімі “Қамысбай Бәйімбет палуан” атанып жеткен Бәйімбет Телеуұлы заманында жауырыны жерге тимеген палуан, ел басқарған болыс, сөз шығарған ақын, қара қылды қақ жарып билік айтқан шешен-би, артына аңызға бергісіз мұра қалдырған аталарымыздың бірі.
Бәйімбет 1931 жылғы аласатта: “Бұл үкімет “Би” деген атағымыз бар бізді тыныш қояр деймісің” – деп ауа көшкен елмен [...]