журналистік сапар
«Каспий-Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары» ғылыми-тәжірибелік конференция қорытындысы
26-28 тамыз аралығында Маңғыстау облысында ІІ Халықаралық «Каспий-Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары» ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Бұл шара алғаш рет осыдан үш жыл бұрын өткен болатын.
Конференцияға Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан, Иран, Америка Құрама Штаттары елдерінің көрнекті ғалымдары, мемлекеттік деңгейдегі лауазымды қызметкерлері қатысты. Олардың қатарында Ресей ғылым академиясының тарих институтының [...]
кемедегінің жаны бір…
Жапонияны кәрі-құртаңдары жастарына қарағанда көп болғандықтан, қартайып бара жатқан ұлтқа жатқызу әдетке айналса, Қырғызстандағы жағдай керісінше. Жастар ісі жөніндегі министрліктің дерегі бойынша, республика тұрғындарының 48 пайызын жастар құрайды екен. Бір қарағанда, бұған тек қуану керек тәрізді. Бірақ, олай болмай тұр. Қырғызстандық жастар білім алу мүмкіндігі жоқтығынан, жұмыссыздықтан, ішкілік пен экономикалық тұрақсыздықтан зардап шегіп [...]
экология
12-тамыз – Каспий күні. Осыған орай Ақтау қаласында «Каспий теңізі: бүгіні мен ертеңі» атты дөңгелек үстел өтті. Шараны ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Маңғыстау облысының әкімдігі және «КаспЭко» халықаралық жобасының басшылары ұйымдастырды.
Маусымның 9-ы күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді.
Мемлекет басшысы облыстың инвестициялық жобаларының тұсаукесеріне қатысып, кейбір жобалардың іске асу барысымен танысты. Елді индустрияландыру картасына облыс әкімдігі 43 инновациялық жоба ұсынды. Қазір өңірімізде 12 жоба іске асырылуда. Олардың 8-і осы жылы аяқталады. 4 жоба 2010 жылдың бірінші жартысында-ақ жұмысын бастайды. Олардың жалпы [...]
мәртебе
Республика аймақтары мен Астана және Алматы қалаларының әкімдерінің қызметіне рейтингтік бағалауды қалыптастыру жөніндегі комиссия шешімі бойынша әлемге мұнайымен танылған Атырау облысы дамудың барлық түрінен алғашқы орынға шықты.
түйткіл
Осы кезде еліміздегі қазақ қауымы мемлекет құраушы ұлт ретіндегі өзінің жетекшілік рөліне ие бола алмай отырған жайы бар. Оған шетелдегі қандастарымызды жинауға деген құлықсыздығымыз және еліміздің жалпы саяси-мәдени болмысын қазақыландыра алмай отырғанымыз куә бола алады. Мемлекет болмысына қазақы рең кіргізу мәселесі урбанизациялық құбылыс арқылы орындалатыны айтпаса да түсінікті.
экология
Тыңдауы, талқылауы және бақылауы үшін экологтар ұйымдасуы керек
Заң бойынша әлдебір өндіріс орны ашыларда, кенорны игерілерде оның жұмысы қоршаған ортаға әсері тиюі мүмкін болса, алдымен қоғамдық тыңдау өткізілуі тиіс. Онда сол өндіріс айналадағы халыққа, табиғатқа, сол жердің өсімдігіне, аң-құсына қаншалықты кері әсерін тигізбек, зияны не, пайдасы қаншалықты болмақ, зияны тимес үшін қандай сақтық шаралары алынбақ, сол [...]
қайғы – ортақ
Байқағаныңыздай, Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметтерінде көрсетілгендей, биылғы 2010 жыл Шығыс елін шынымен де шырғалаңға салды. Табиғаттың тосын мінезі қыс бойы аяз бен бораннан көз аштырмаса, көктем келіп, топан су қаптап, жұртты әбден әбігер қылды. «Жай кезде анау дейміз, мынау дейміз, қиналып, жан қысылса, Құдай дейміз» – [...]
Қазанның былғары айшықтары туралы сөз
түркінің ортақ мұрасы
2009 жылдың 3-4 желтоқсанында Татарстан Республикасының Ұлттық мұражайында (Қазан) «Ресей мұражайындағы ислам мұралары: зерделеу, анықтау, түсіндіру» деген тақырыпта ІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Бұл шара «Ислам мәдениетін, ғылымын және білімін қолдау қорының» ұйытқы болуымен ұйымдастырылды. Ресей мұражайлар қауымында алғаш рет Еділ бұлғарларынан мұра боп енген ислам өнерінің бірегей түрі [...]
қоғам
Наурыздың 10-ынан бастап әр апта сайын Алматы қаласын, оның барлық ауданын қамтыған мектеп мұғалімдері және ата-аналармен «ҚАТЫГЕЗ ҒАСЫР ЖӘНЕ БІЗДІҢ БАЛАЛАР» тақырыбында еркін пікір алмасу кездесуі өткізілді. Бұл шара Алматы қалалық Білім басқармасы мен Ата-аналар комитетінің төрайымы, әрі «Алматы оқушысы» газетінің құрылтайшысы Күмісай Сарбасованың бастамасымен ұйымдастырылды. Ал, Алматы қалалық «Балалар құқығын қорғау» департаменті, Ішкі саясат [...]