Әлеуметтік жоба
Тәуелсіз Қазақстанда ашылған тұңғыш аудан – Маңғыстау облысындағы Мұнайлы елді-мекенінің дамуы тұрақты бақылауда. Бұл туралы тамыздың 11-і күні Мұнайлы ауданына қызметтік сапары барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев айтты. Мұнайлы ауданындағы әлеуметтік жобалармен танысу барысында әкім тағы бірнеше мәселенің басын ашып, талқыға салды.
айтарым бар
Жазғы демалысқа шыққан қала баласының бәрі бірдей лагерьлерде демалып, каникулдарын тиімді өткізуге жағдайлары келе бермейді. Қолы босаса компьютерлік клубтарға жүгіретіндері де жасырын емес. Көріп жүрген жай.
оқырман ой тастайды
Қазір бұқаралық ақпарат құралдарындағы апаттар туралы естіген сайын 2012 деген құбылыс рас па деп қаласың. Көп адамды үрей билеген шығар. Бірақ сол ақырзаман болады деген қорқыныштың өзі біздің құлқымызды тиып, адамшылықтан асқан нәпсімізді тежей алар ма екен?
тұзақ
Батыс Қазақстан облысындағы «Қызыл кітапқа» енген ақбөкендер аяқ-астынан жаппай қырыла бастады. Алғашқы 100 киік 18-мамыр күні Қараоба елді мекенінің маңынан табылған. Жәнібек ауданының Қараоба, Жәнібек, Қазталовка елді мекендері – киіктердің төлдейтін аймағы. Өлі киіктерді осы аймаққа жауапты «Охотзоопром» өндірістік бірлестігі көріп, хабарлаған.
нанотехнология
Әлемде қанша адам болса, олардың саусақ таңбасы да сан алуан. Бір ата, бір анадан туған егіздердің өзі кескін-келбеті ұқсағанымен, генетикалық тұрғыдан бір-бірінен мүлдем өзгеше.
Адамның менін айқындап, өзгелерден ерекшелеп тұратын қасиеті – ДНҚ жүйесі екенін алғаш рет ағылшын генетигі Алекс Джефрис анықтаған.
Азаматтық қоғам идеясын ту етіп көтерген үкіметтік емес ұйымдардың қатары күн санап көбейіп келеді. Бұл өзі қоғамның ынтымағын арттырып, белсенділігін күшейтерге аса қажетті құбылыс. Солардың бірі – халқымыздың рухани игілігі жолында белсене қызмет етіп жүрген «Сенім.Білім. Өмір» республикалық қоғамдық бірлестігі. Осы бірлестіктің Маңғыстау облыстық филиалының заңды тіркеуден өтіп, өңірдегі қоғамдық институттар қатарында еңбек ете бастағанына [...]
Қазақстанда посткеңестік елдердің алғашқысы болып 2011 жылы 7-қысқы Азия ойындары өткелі отыр. Бұл айтулы шара елімізде туристік индустрияны дамытудың бірден-бір мүмкіндігі ғана емес, қысқы спорттық нысандардың әлемдік стандартқа сай салынуына да септігін тигізеді. Күн өткен сайын бұқара халықтың да қызығушылығы артып келеді. Осы орайда, «Азиядаға дайындық қалай жүріп жатыр?» деген сауалмен Алматы әкімдігі «2011 жылғы [...]
Көлеңкелі кәсіпкерлік – әлем елдерінің барлығын дерлік алаңдатып отырған мәселелердің бірі. Әсіресе, АҚШ, Ресей бастаған лаңкестік шабуылдарға ұшырап отырған мемлекеттер көлеңкелі кәсіпкерлікті лаңкестерді қаржыландыратын құрылымдар санатына қосады. Сондықтан да олардан қатты қауіптенеді. Батыс сарапшыларының есебінше, дүниежүзі бойынша көлеңкелі кәсіпкерлікке тиесілі табыс орта есеппен 8 триллион долларға тең. Бұл – АҚШ-тан кейінгі орында тұратын Қытайдың жалпы [...]
кәсіп пен нәсіп
«Ер қанаты – ат» десек, аттың аса маңызды әбзелінің бірі – ер. Махамбет батырдың жан жолдасы Исатай Тайманұлын «Ағайынның басы еді, Алтын ердің қасы еді» деуі бекер емес. Қазақ «Ер-тұрманның батқанын, иесі білемес ат білер» деп, ер-тұрманға аса мән берген. Шын тұлпарды темір тұлпарға айырбастаған бүгінгі заманда ер де архаикалық жәдігерге айнала бастады. [...]
Шығыс даналығында «жемісті ағашқа ғана тас атады» дейді. Елдің қарайған сенімін қайрап, рухани біліммен сусындатып, қоңырқай өмірін нұрландыруға да, сырландыруға да талпынып жатқан қауымға тасадан ғайбат айту, тас ату басылар емес. Тіпті «көпіршік» телесериалдар секілді «тағысын тағылары» болып жалғасып жататын болды. Ең жаманы, бұл үрдістің дін қарындас, ұлт ділдес өз ағайынымыздың қолымен жасалып жатқаны да. [...]