сырткөз
Маңғыстаудағы ІІ Халықаралық «Каспий-Арал өңірінің тарихи-мәдени мұралары» ғылыми-практикалық конференциясы аясында 27-тамыз күні Шопан-ата, Бекет-ата әулиелердің басына алыс-жақыннан қонақтар зияраттаған болатын. Соның арасында АҚШ-тан келген профессор, исламтанушы Девин Ди Уис те бар. Маған Пір Бекет әулиенің жер асты мешітіне қарай төменге түсер жолда онымен жолығудың сәті түсті. Профессор Девинді «Баба түкті шашты әзіз», «Алтын Орданың исламға [...]
алаң жұрт
Бақтыбай АЙНАБЕКОВ,
жазушы, «Қазақстан қажылары» діни бірлестігінің төрағасы
Бисмиллаһир Ирахманир Рахим
«Асыл арна» телеарнасының «Болар елдің баласы…» атты танымдық бағдарламасы бойынша «Аллаға серік қосқан адасады» деген тақырыппен көрсетілген бұл хабарының алғаш эфирден өткеніне біршама уақыт болды. Тақырыбы тәп-тәуір болған соң, кезінде уақыт бөліп, ден қойып көргеніміз бар. Масқара…
Қазақстандағы діни-экстремизм қатері қанша жауып-бүркемелегенімен, ақыры жарияға айналды. Ақтаудағы оқиға – осының дәлелі.
алаң жұрт
Осы аптада Ақтауда болған оқиға Қазақстандағы салафизмді “қалыпты” және радикалды деп қарастырудың қате екенін дәлелдеді. Маңғыстауды ғана емес, бүкіл елді үркіткен жағдай биліктің қадағалаушы органдары мен қоғамдық институттарды мәселеге терең назар аударуы керектігін анық көрсетті. Қазақстандағы діни ахуал бұдан ертерек қолға алуды [...]
форум
Мексика шығанағындағы мұнайдың теңізге ағып жатқанына екі айдан асты. Әлемдегі алпауыт мемлекеттер мен компаниялар дабыл қағып отыр. Бұл экологиялық апаттың шаш-етектен шашылған шығынын былай қойғанда қоршаған ортаға зардабы зор. Егер мұндай апат мұнай өндірілгелі жатқан Каспий теңізінде бола қалса, жағдай бұдан да ауыр болмақ. Cондықтан қара алтынға құмартқан компаниялар мұнай өндіру кезінде қауіпсіздік шарасын, шарттарын [...]
дағдарыстан дамуға
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы тек өндіріс секторына бағытталған, сондықтан мемлекеттің қолдауын күтетін кәсіпкерлік саласын тарылта түседі», – дейді Кәсіпкерлердің тәуелсіз ассоциациясының (КТА) вице-президенті Тимур Назханов. Мәселен, шағын кәсіпкерліктің тек 3%-ы ғана өндіріс, 37% – сауда, қалғаны – көлік, құрылыс қызметіне тартылған. Ал, 2015 жылға дейін экспорттағы өз өнімімізді 10-нан 40%-ға дейін [...]
алаң жұрт
Жақында Атырау қаласына Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының (бұдан әрі – ҚМДБ) аппарат басшысы, дінтанушы Қайрат Жолдыбай бастаған уағызшылар келіп кетті. Топ құрамында Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратов, Алматы қаласындағы «Тастақ» мешітінің бас имамы Кенжәлі Мұрзабаев, облыс имамы Нұрбек қажы Есмағанбет болды. Ұйымдастырушылар таратқан телефонограммада көрсеткендей, жиынның мақсаты – қазіргі таңдағы жастардың дінге деген [...]
айтқым келгені…
Ұлттық біріңғай тестілеу біздің өміріміздегі өз алдына бір маңызды оқиғаға айналды. Оның қорытындысы қылкөпірден өткендей, біреулер қуанып жатса, біреулер сүрініп, жылап жатады. Тіпті, сыннан өте алмаған оқушы өз өмірін суицидпен аяқтаған оқиғалары да баспасөз беттерінде айтылды. Бірақ соңғы кезде тестіге қатысудан кейбір оқушының өз еркімен бас тартатындығы жиі айтылып жүр. Оның қандай себептері бар? [...]
мезгіл мәселесі
Көршінің тауығын ұрлағаны немесе біреудің телефонын тартып алғаны үшін жылына жүздеген адам түрмеге түседі. Есерсоқтықпен еркіндігінен айырылған тентектер мұнда нағыз қылмыскерлердің, алаяқтардың ортасына тап болады. Осылайша қылмыс әлемінің қыр-сырын меңгеріп, қаншама жан түрменің тұрақты қонағына айналып жатыр.
Онсыз да тұрғындардың барлық шығындарының үштен бірін алатын коммуналдық қызметақы тағы да өспек.
«Бұл кезең-кезеңімен жүзеге асады. Мәселен, жылы маусымда су ақысы, күз-қыс айларында жылу энергиясына төленетін ақы жоғарылайды», – деді Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттіктің төрағасы Нұрлан Алдабергенов.
Коммуналдық төлемдердің өсуін жұртшылық зейнетақы мен жәрдемақының жоғарылауымен байланыстыратыны белгілі. Жыл басында зейнетақымен бірге электр қуатының тарифі қатар [...]
тыныс тарылтар
Тұтас түркі жұртының қасиетті шаһары, Мағжан Жұмабаев: «Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой» деп жырлайтын Түркістан қаласында алып кешен – 2000 орындық мешіт құрылысы өткен жылғы қараша айында басталып, содан бері күні-түні жүріп жатыр. ЮНЕСКО Дүниежүзілік Мәдени және Табиғи мұра тізіміне енгізілген халықаралық және республикалық маңызға ие тарихи [...]