Жаңалықтар - «Үш Қиян» Республикалық ұлттық тәуелсіз апталық газет


Мәскеулік мейман Маңғыстауда

17-тамыз күні Ақтауға Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың арнайы шақыртуымен М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті ректоры, академик, профессор Виктор Антонович Садовничий келді.

Жаңаөзенді жарыту керек

Кеше Маңғыстау облысы әкімі Қ.Көшербаев Жаңаөзенде жұмыс сапарымен болып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Телекөпірде тың бастама таныстырылды

Маусымның 28-і күні Астанада «Назарбаев университетінің» ғимаратында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Күшті Қазақстанды бірігіп құрамыз!» атты жалпыұлттық телекөпір өтті. Осы телекөпір кезінде Баутино портындағы еліміздегі жалғыз кеме жөндеу зауыты да іске қосылды.

ҚАШҚАНДАР ҚҰТЫЛМАДЫ

Ақтаудағы түрмеден қашқандардың қалған он үші бүгін түнде ұсталды
Құрық

Ақтау, 26-маусым.
Бүгін, 26-маусым күні, араға төрт күн толғанда газетіміздің тілшісіне сағат түнгі 22-00-лер шамасында түрмеден қашқан қылмыскерлердің қалғандарының ұсталғаны туралы ақпарат жетті.
Естеріңізге сала кетейік, 22-ші маусым күні таңғы 5:10 шамасында Ақтау қаласының сыртындағы ГМ 172/1 қатаң режимдегі колонияда атыс болып, одан 21 сотталған қашып шыққаны туралы хабар [...]

Ғалам адамға өлшенген

жалғасы, басы өткен сандарда
Әнет баба ғибраты
3. Әлем сырын танудың кілті: Әнет Баба және қазіргі жаратылыстану ғылымындағы «антроптық қағида»

Әнет Бабаның «өзіңді өзің таны» формуласы қазіргі ғылым-білім дамыған ғасырымыздың ең іргелі мәселелерінің бірі ретінде қарастырылып отырған антроптық принципке сәйкес келеді. Әлемге әйгілі В.И.Вернадский, А.Л.Чижевский, Г.Идлис пен Б.Картер сияқты ғалымдардың есімімен байланыстырылатын «антроптық қағида» бойынша әлемді танып, білу [...]

Штаб бастығы

көрнектi әскербасы генерал-лейтенант Жансен Кереевтiң тағдыры туралы бірер сөз
өмір - өзен

Ежелгi грек ойшылы Фалес «Бәрiнен де күштiсi уақыт, өйткенi ол бәрiнiң де сырын ашады», — дептi. Сырын ашса да, оның бар шындығын өзiмен бiрге тұңғиыққа алып кеткен абзал жанның ендiгi өмiрi тарих парақтарында ғана қалды.
Иә, ол туған елiнен жырақта жүрсе де, қазақ деген халықтың ұлы [...]

«ТАЗАБЕКОВ СИЯҚТЫЛАРДЫҢ КЕРЕГІ ЖОҚ!»

алаң жұрт

Естеріңізде болар, жақында «Конфессияаралық келісімді нығайту және діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын жүргіземіз» деген ҚМДБ-ның ақпараттық насихат тобы (АНТ) Маңғыстау өңіріне «арнайы миссиямен» келіп кетті. Сол АНТ-ның құрамында «Асыл арна» ислами телеарнасының директоры М.Тазабеков, аталған телеарнаның редакторы С.Қалиев, ҚМДБ-ның өкілі, Ақтөбе облыстық «Нұр-Ғасыр» мешітінің наиб-имамы С.Шоқанов болып еді. Сол жиындардың ізімен «Үш қиян» газетінде [...]

ШӘКІРТТЕР ШӘКӘРІМ ШЫҢЫНА ЖЕТУГЕ ТАЛПЫНАДЫ

игі шара

Түркістан қаласында наурыз айының ішінде мектеп оқушыларының арасында Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармаларын жатқа айту байқауы өтті. «Ақ жүрек, таза ақыл, адал еңбекті» аманат етіп, келер ұрпақтың өз сырларын жарыса жаттайтынын алдын ала айтып кеткен баба болжамы толығымен жүзеге асты десек қателеспейміз.

«ДІНДІ» ОСЫЛАЙ «ТАНУ» КЕРЕК ПЕ ЕДІ?!

Жуырда академик Ғарифолла Есім бастаған бір топ автордың «Дінтану негіздері» деп аталатын оқулығы Алматыдағы «Білім» баспасынан жарық көріпті. Осы саланың жанашыры болған соң «оқулық шықты» дегенді ести сала Алматыға бара жатқандарға өтініш айтып, кітапты алдырып, қарап шықтық. Алайда нәтиже біз күткендегідей болмағанын көрдік. Оқулықтың қоғам мүддесі мен қажеттілігі үшін ешқандай пайдасы жоқ екендігіне қатты қарнымыз [...]

Аналарға «Алтын алқа»

8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Маңғыстау облысының әкімі Қ.Е.Көшербаев өмірге 10 және одан да көп ұрпақ әкеліп, тәрбиелеген аналарға «Алтын алқа» тапсырды. Марапат Президенттің 2009 жылғы 27-қаңтарындағы №732 жарлығы негізінде берілді. Көп балалалы аналарға марапатпен қоса, 100 мың теңгеден сыйақы ұсынылды.