Біз Конституцияны қалай құрметтеуіміз керек?
форум
Амангелді АЙТАЛЫ, қоғам қайраткері:
Конституция-да ұлттық идея бар
– Конституция – қоғамдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін басты құжатымыз. Сондықтан оны құрметтеу – әр азаматтың парызы. Бірақ мені ойландыратыны, біздің елімізде Конституция күні қарсаңында Конституцияны еске аламыз да, басқа кездері оны құрметтеу, Ата заңға жүгіну, қағидаларын бұлжытпай орындау деген ойларына келе бермейтін сияқты. Мен өзім ұстаз және депутат болғандықтан Конституция әрқашан жұмыс үстелімде тұрады. Біз әр ісімізді заңмен үйлестіріп отырдық. толығымен »
Конституция: тәртіп пен тұрақтылық кепілі
30-тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
«Демократияның мәні-қоғамда бәріміздің бір біріміздің жауапкершілігімізді сезінуде».
Генрих Манн

.
Біз, қазақстандықтар, Тәуелсіз Қазақстан-ымыздың Конституция күнін маңызды мерекелердің бірі деп есептейміз және жылдан-жылға Алаштың осы атаулы күнінің маңызы артып келеді.
Қазақ КСР-інен өз мемлекеттілігін демократия қағидасында құрған егеменді,Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өткен соң, мүмкін болған саяси модернизация кезеңінде түбегейлі өзгерістер әкелетін тың бастамалар жасау сол уақытта әлемге мүлде белгісіз республиканың тағдырына деген жауапкершілік жүгі Елбасының үлесіне түсті. толығымен »
Той туралы ой
2010 жыл – Бекет Атаның 260 жылдығы
Биыл – әулие, рухани ұстаз Пір Бекет Атаның 260 жылдығы. Осыған орай Маңғыстау облысында қыркүйек айының ортасында Бекет атаның 260 жылдығын кең көлемде атап өтуге дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. толығымен »
Екеуі де бір Міржақып болып жүрмесін…
аңыз адам

РЕДАКЦИЯДАН:
2007 жылы Мұңғұлия жеріндегі Бай Өлкеде (Баян Өлгий) танымал дінтанушы Нарынбай Разбекқажыұлы, айтулы ақын Светқали Нұржан, ғалым Саят Ыбырай, фольклортанушы ғалым Болат Қорғанбек ағаларымызбен бірге сол жердің жергілікті қазағы, ақын Сұраған Рахметұлының үйіне қонаққа бардық. Қазақтың арғы-бергі тарихы, шежірелі әңгімелері арасында бір қызық хикая баян етілді. Сұраған ақын алаштың арысы Міржақып Дулатұлына өте қатты ұқсас, бір құпия адам 60-шы жылдарға дейін Өлгей аймағында өмір сүрді деген әңгімені айтты. Оның жүріс-тұрысын, Міржақыпқа қатты ұқсайтын бірнеше ерек-шелігін салыстыра отырып жеткізді. Дәл осы кезде менің есіме Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауданы Қарабұлақ ауылындағы І.Жансүгіров атындағы орта мектептің ұстазы, зерттеуші Медет Дүтбаеваның дәл осы оқиғамен өте ұқсас мақаланы көрсеткені есіме түсті. Ол 1998 жыл еді. Яғни, біраз уақыттан бері бұл тақырып әр жерде аракідік айтылып келе жатқанымен жалпы елге кеңінен тарала қойған жоқ. Мұңғұлия сапарынан кейін Қарабұлақ ауылындағы Медет апайға арнайы барып, аталған мақаланы сұрадым. Ол кісі жеке архивінен авторы анық, сілтемесі белгісіз «Екеуі де бір Міржақып болып жүрмесін…» деген аудандық, әлде облыстық бір газетке шыққан мақаланы алып шықты. Жазған адам Мұңғұлиядан 90-шы жылдары оралған қазақ Күпән Зәйітқызы деген кісі. Ол Үржар ауданының Лайбұлақ ауылында ұстаздық етеді екен. Мен мақаланы көшіріп алдым. Әлі де бұл сөздің түбін іздеп көрермін немесе зерттеушілердің назарына ұсынармын деген ой болды. Тың дәлелдер келтіріп, ұқсата алмағаныммен, көшірілген мақаланы енді зерттеушілердің қолына түсер деген үмітпен жариялағанды жөн көріп отырмыз. «Жалпы, бұл әңгіменің жаны бар», – дейді Светқали Нұржан ағамыз. Өйткені, Міржақып Дулатұлы Карелияда түрмеде жатқанында оған Солтүстік Мұзды мұхиты арқылы Мұстафа Шоқай келіп, алып кетпек болған. Бірақ, «мен мұндағы бауырларыма керекпін» деп, Міржақып ұсыныстан бас тартқан деген әңгіме бар. Тағы бір айтушылардың сөзіне қарағанда Міржақып атамыз сол кезде түрмеде қиындық шегіп жатқан түркі-қазақ бауырлары үшін орыс-түрік (қазақ) сөздігін жазып, құрастырып жатқан, сол үшін бас тартқан. Осы жолы екі арыс үш күн қатарынан жолығып, әңгімелескен деседі… толығымен »

